Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Чемпион жоғары оқу орнының «Құрметті профессоры» атанды

80 рет көрсетілді

Қазақ елінің атын алты құрлыққа танытып, көк байрағын желбіреткен Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкентке келді. Таяуда ғана Ташкентте өткен халықаралық ынтымақтастық турнирінде жеңімпаз атанған отандасымыз кезекті сапарында М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастарымен кездесті. Еріктілер жылына орай ұйымдастырылған жиында әйгілі спортшы ерікті жастар, жас спортшылар және студенттермен ашық сұқбат құрды.

Іс-шараны ОҚМУ-дың бірінші проректоры Қайрат Нұрманбетов жүргізіп отырды.

Зілтемірші спортта қалай жетістікке жету сырларымен бөлісті. Оқытушылар мен студент жастар да өз сауалдарын қойды.

– Жақын уақытта спорттағы мансабымды аяқтаймын деп жоспарлап отырмын. Алдағы уақытта өзімді спорт менеджері ретінде сынап көрсем деймін. Адам бұл өмірде бәріне дайын болу керек. Үйренуден жалықпаңыздар. Иә, қиын жағдайларды бастан кештік. Осындай сәтте қолдау көрсеткен өз жанкүйерлеріме, халқыма ризашылығымды айтамын, – деді Ильин.

Қайрат Еңбекшіұлы спортшыға құрмет көрсетіп, оқу орнының «Құрметті профессоры» куәлігін табыс етті.

           

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ауылдағы сервистік әкімдік

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Әлемді қызғылт сары етейік

Қоғам • Бүгін, 07:37

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Елбасы • Бүгін, 07:27

Мұғалім жасаған сабын

Ғылым • Бүгін, 07:09

СКА-ға есе жіберді

Хоккей • Бүгін, 07:09

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Ұқсас жаңалықтар