Өнер • 25 Наурыз, 2020

Ұлттық арна онлайн кастингте бақ сынауға шақырады

378 рет көрсетілді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы алдағы жазда Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша телехикая түсіреді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық арна ешқашан өзектілігін жоймайтын, адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен шығарманы кино тілінде сөйлетуді мақсат етіп отыр. Телехикая оқиғасы майданнан аман оралған ардагер жазушының бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігінен бастау алады. Бас кейіпкер Ербол образы арқылы қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен шынайы махаббат сезімі баяндалатын болады.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 20 бөлімнен тұратын көркем фильмге актерлерді таңдау онлайн кастинг арқылы жүргізіледі. Телехикая кейіпкерлері 5 пен 70 жас аралығын қамтиды.

Кастингке қатысу туралы өтініштер www.cinexus.kz сайты арқылы қабылданады.

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ауылдағы сервистік әкімдік

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Әлемді қызғылт сары етейік

Қоғам • Бүгін, 07:37

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Елбасы • Бүгін, 07:27

Мұғалім жасаған сабын

Ғылым • Бүгін, 07:09

СКА-ға есе жіберді

Хоккей • Бүгін, 07:09

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Ұқсас жаңалықтар