Оқиға • 28 Қазан, 2020

ÁMEN анимациялық фестивалі өтеді

62 рет көрсетілді

Биыл елімізде ÁMEN (ÁMEN Animation Film Festival) анимациялық фильмдер фестивалі қатарынан екінші рет ұйымдастырылып отыр. Ұлттық анимация саласына өлшеусіз үлес қосқан режиссер-аниматор Әмен Қайдаровтың атымен аталған басқосу 30-31 қазан күндері онлайн режімде өткізіледі.

Кинофестивальдің ұйымдас­ты­ру­шылары – OzgeEpic заманауи өнер кеңістігі мен Қазақстан ани­мациялық киностудиялары ассоциациясы. Бір ерекшелігі, биылғы фестиваль халықаралық деңгейде атап өтілмек. Атап айт­қанда, Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қыр­ғыз­­стан, Татарстан және Баш­құрт­стан аниматорлары атса­лыс­­пақ.

Шараның мақсаты – қазақ анимациясының дамуына ықпал ету және жас дарындарға қолдау көрсету. Бастама осы саладағы аға буын өкілдері тарапынан да қолдау тапқан. «Бұл фестиваль еліміздің анимациялық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосатын мәнді қозғалыстың бірі болады. Біз аға буынның еңбегіне құрметпен қарайтын, жаңа буынның ізде­нісіне қолдау білдіретін қауым­дастық құруды мақсат етеміз», дейді кинофестивальдің ұйым­дастырушысы Мақпал Жұмабай.

ÁMEN-2020 шеңберінде Ұлттық киноны қолдау мемле­кеттік орталығымен бірлесіп ұйым­дастырылатын жетекші отандық және шетелдік мульти­пликаторлардың шеберлік сы­­ныптары мен тренингтері өте­ді. «Рухани жаңғыру» қа­зақ­стандық қоғамдық даму инс­ти­тутының қатысуымен «Қа­зақ анимациясының өзекті мә­селелері» және «Түркі елде­рі­нің ортақ қайраткерлері туралы халықаралық анимациялық жоба» тақырыптарында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақшы. Оған қоса, «Қазақфильм» киностудиясымен бірге қазақстандық анимацияның ретроспективасы жоспарланған, оған отандық анимация тарихындағы ең үздік 16 картина кіреді (1960-2020), соның ішінде отандық ани­ма­цияның негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың жұмыстары да бар. Қазақ анимация мектебін құруда негізгі рөл атқарған және алғашқы қазақстандық анимация студиясын ашқан мэтр Әмен Қайдаров – «Қарлығаштың құрығы неге айыр?» атты ал­ғашқы мультфильмнің авторы. Шара барысында Қазақстан және Түркия мемлекеттерінің толықметрлі фильмдері де көрсе­тіледі. Айрықша атап өтерлігі, режиссер Қасиет Сақиолланың «Махамбет» мультфильмі тұң­ғыш рет халықаралық деңгейде көпшілік назарына ұсынылмақ.

2019-2020 жылдар аралығында түсірілген анимациялық фильм­дерге арналған жалпы конкурс; 2019-2020 жылдары аралығында түсірілген студенттердің диплом­дық, курстық анимациялық жұмыстары қабылданатын сту­­дент­тік жұмыстардың бай­қауы сынды фестиваль бірнеше кезең­нен тұрады. Ал «Табиғат және адам» тақырыбындағы ко­микстер конкурсына бар­лық өтінім берушілер мен аниматорлар қатыса алады.

Сыншылар тарапынан оң қолдауға ие болған фестиваль жұмысы отандық анимация саласы мен көрермен үшін елеулі жаңалық болып отыр. Жыл сайынғы жастардың түсіріп жүрген фильмдеріне назар ау­дар­сақ, болашақ анимация маман­дарының қатарға қосылып келе жатқанын аңғарамыз. Бұл ретте ÁMEN анимациялық фильм­дер фестивалінің жас мамандар үшін бағыт-бағдар беруде мүмкіншілігі зор.

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Дәуірден озған дара тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:20

Ұқсас жаңалықтар