Әдебиет • 28 Қазан, 2020

Сіз білесіз бе?. .

101 рет көрсетілді

Уильям Фолкнер

Бірнеше жыл пошташы бо­лып жұмыс істеген. Алай­да жет­кізілмеген хаттарды қо­қыс жә­шігіне тастайтыны әш­ке­реленген соң жұмыстан қуы­лыпты.

 

*  *  *

Отбасын асырау үшін 15 жыл Голливудқа сценарий жазған.

*  *  *

1983 жылы «Авессалом, Авес­салом!» атты романы «Гиннестің рекордтар кітабына» «әдебиеттегі ең ұзақ сөйлемі» үшін енген. Фолкнердің ең ұзақ сөйлемі 1288 сөзден (49 беттен) тұрады.

*  *  *

Уильям майдан даласына ерік­ті болып баруды қалапты. Бірақ бойы қысқа болғандықтан (166 см) алмаған.

 

Роберт Рождественский

Оның шын тегі – Паткевич. Дегенмен біз білетін тегі лақап аты емес. Роберт 13 жаста болғанда анасы Иван Рождественскиймен танысады. Кейін екеуі бас қосып, өгей әкесі болашақ ақынға өз фамилиясын беріпті. Ал Роберт деп революционер Эйхенің құрметіне қойған.

*  *  *

Рождественский әдеби инсти­тутқа бірден түсе алған жоқ. Оған себеп – қатты ұялғандықтан ке­кеш­теніп сөйлейтін.

*  *  *

Спаск мұнарасы мен Ленин мавзолейінің арасы 210 қадам болғандықтан, ақын поэмасын солай атапты.

*  *  *

Ақын құрметіне Рождес­твенский астероиді аталған (5360).

 

Константин Паустовский

Гимназияда географияны ерек­ше жақсы көрді.

*  *  *

Марлен Дитрих Орталық әде­биетшілер үйінде жазушы алдын­да тізерлеп, талантын мойындапты.

*  *  *

Константин Паустовский есі­мімен 5269 нөміріндегі кішкентай планета аталған.

*  *  *

Қаламгердің әжесі Түркиядан болған. Және христиан дінін қабылдағанға дейін оны Фатима деп атапты.

*  *  *

Балыққа баруға қатты құмар болған.

*  *  *

Жазушы оқыған Киев гимназиясына алғаш рет ІІ Николай барыпты. Тізілген саптың сол жағында тұрған Константиннің қолын алып, аты-жөнін сұраған.

*  *  *

Паустовскийлер Мұхтар Әуе­зов отбасымен өте жақсы ара­ласқан. Елдар дүниеге келген кез­де Паустовский күміс қасық сый­лаған.

 

Уильям Шекспир

Шекспир ағылшын тілінің қоржынына 3200 жаңа сөз қосқан.

*  *  *

«Өлтіру» («убийство») сөзін де тұрмыстық қолданысқа енгіз­ген Шекспир.

*  *  *

Егіз балалары болған.

*  *  *

Шекспир 23 сәуірде дүниеге келіп, 23 сәуірде өмірден өткен.

*  *  *

Шығармалары Британияда Библиядан кейінгі екінші орынды алады.

*  *  *

Уран планетасының бар­лық серіктері Шекспир кейіп­керлерінің құрметіне аталған.

 

Агата Кристи

4 миллиард дана кітап – Агата Кристидің детектив жанрындағы биіктігі. Бұл межені Кристиге дейін тек Библия мен Шекспир шығармалары ғана бағындырған.

*  *  *

Өмір бойы дисграфиямен (сөздегі әріптерді дұрыс қоя алмау) ауырған.

*  *  *

Кристи уларды жақсы ажырататын. Оның бұл қызығушылығы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде медбике болып жүргенде пайда болған.

*  *  *

1985 жылы Венера кратері Агата Кристидің есімімен аталды.

 

Михаил Лермонтов

Талантты суретші болған.

*  *  *

Әзербайжан тілін оқыпты.

*  *  *

Лермонтовтың құрметіне 1970 жылдардың соңында табылған кішкентай планета аталған.

 

Антуан де Сент-Экзюпери

Бірде Экзюпери досының үйіне түпнұсқадағы иллюстрациялар мен қолжазба салынған мыжылған конверт тастап, өзі Францияға әскери қызметке ұшып кетіпті. 140 беттен тұра­тын қолжазбада түрлі шимай, қысқартулар, тіпті кофенің дақ­тары мен темекінің іздері де бар. Экзюпери бұны қоштасу сый­лығы ретінде қалдырып, «Мен саған бұдан да ғажап дүние сый­лағым келген, бірақ менің барым осы» деп жазып кеткен. Бұл – автордың ұлы шығармасы «Кіш­кен­­тай ханзада» еді.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Ұқсас жаңалықтар