Аймақтар • 31 Қазан, 2020

Қарағандыда Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы құрылды

422 рет көрсетілді

Кеншілер астанасында Қарағанды облысының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын құруға арналған жиналыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев және Ұлттық спорт түрлері саласының мамандары қатысты.

Ло

Күн тәртібі бойынша Қарағанды облысының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы құрылды. Сонымен қатар, жиынға қатысқандар бірауыздан дауыс беріп, жаңа құрылымның басшысы етіп Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріповті сайлады.

Жаңадан құрылған қауымдастықтың құрамына қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық, асық ату сияқты төл спорттың түрлері кіреді.

Жиын барысында қауымдастық төрағасы алдағы жоспарларымен бөлісті. Ең алдымен ол облыс орталығында жаңа атшабар салу жобасын қолға алатынын айтты. Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев жаңадан құрылған қауымдастықтың өңірдегі Ұлттық спорт түрлерінің дамуына қомақты үлес қосарына сенім білдіріп, оның төрағасына жемісті еңбек тіледі.

 

 

Қарағанды облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Ұқсас жаңалықтар