Аймақтар • 21 Қараша, 2020

Қаржы пирамидасының қақпанына түскендер үшін

53 рет көрсетілді

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы қаржылық пирамида құрып, оның қызметіне басшылық жасап, жүргізу дерегіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер «WhatsAрр» мессенждері арқылыашылған «Вefree» жобасына ақшаларын аударып, салымшы ретінде тіркелгендер арасында бүгінгі күнге дейін тергеу органына келмеген, арызданбаған азаматтар болуы мүмкін екендігін айтып отыр.

Алданған азаматтар өз құқықтарын пайдаланып, кінәлі адамдардың қылмыстық жауапкершіліктері шешілуі үшін тез арада тергеу органына хабарласуы қажет.

Арыз-шағымды облыстық полиция департаментіне қарасты қала және аудандық бөліністерге барып, беруге болады.

Соңғы жаңалықтар

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар