Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
311 материал табылды

Тарих • 26 Тамыз, 2020

Тұтқында қаза тапқандар туралы жаңа деректер

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі «Возвращение имени» халық­аралық жобасының аясында «Славута» концлагерінде тұтқында қаза болған қазақстандық 2000 жауынгердің туыстарына іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қоғам • 25 Тамыз, 2020

Жемқорлыққа қарсы күреске басымдық берілуде

Қорғаныс министрлігінде ведмоство басшысының орынбасары, генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың басшылығымен Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста өт­кен кезеңдегі жұмыс қоры­тындылары шығарылып, Де­сант­тық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы қызметіндегі сыбайлас жем­қорлық қауіп-қатеріне талдау жасалды.

Оқиға • 24 Тамыз, 2020

Госпитальге COVID-19 індетімен түскен соңғы науқас емделіп шықты

Алматы қаласындағы Әскери госпитальге коронавирус инфекциясымен түскен соңғы науқас емделіп шықты. Ол – 59 жастағы Галина Жукова.

Қоғам • 21 Тамыз, 2020

Желкенді кеме шебері

Біздің бұл шағын мақаламызға арқау болып отырған азамат – 10 жылға бас бостандығынан айырылып, бүгінде Қызылорда қаласындағы ЗК169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Бақытжан Есенбаев деген отандасымыз. Оның қолынан шыққан көздің жауын алатын түрлі кемелер макеті талайды тамсандырмай қоймайды. Бүгінде шебердің «қоржынында» кеме, ұшақ және басқа да бұйымдар бар.

Қазақстан • 21 Тамыз, 2020

Қазақстандық танкішілер жарысқа дайын

Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында өтетін танк биатлонына қатысатын қазақстандық команда танкішілер өнер көрсететін техниканы қабылдауды бастады.  

Қазақстан • 20 Тамыз, 2020

1424 сall-орталығының бейнесін рубик кубиктарынан жинады

Рубик кубиктарынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы полотно пайда болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасаттылық қағидаттарын дамытудың және ведомство қызметі туралы халықты хабардар етудің жаңа тәсілдерін қарастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz

Сұхбат • 19 Тамыз, 2020

Дархан Ділманов: Мемлекеттік шекараны күзету – Отан алдындағы абыройлы міндет

Шекара қызметінің ел қауіпсіздігін сақтауда алатын орны ерекше. Отаны­мыздың шекарасын сенімді күзету және қорғау мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси дамуы және қауіпсіздігінің кепілі... Бүгін біз шекарашылардың кәсіби мерекесі – Шекарашылар күніне орай Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Дархан Ділмановпен әңгімелескен едік.

Саясат • 18 Тамыз, 2020

Жүйелі жұмыстарға жоғары баға берілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің халықаралық рейтингтік ұйымдармен өткізген бірқатар онлайн іс-шаралары аясында «IHS Markit» бас талдаушысы Алекс Меликишвилимен кездесу өтті. Оған Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның, Қаржы, Сыртқы істер министрліктерінің және квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан • 13 Тамыз, 2020

"Сапалы құрылыс" жобалық кеңсесін құру ұсынылды

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алаңында өткен "Аntikor.LIVE" тікелей эфирінде "Өркен" Қазақстандық республикалық салааралық ынтымақтастық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Болат Омаров кәсіпкерлерге құрылыс саласындағы жемқорлықпен күресуге жәрдем көрсететін бастама туралы айтты.

Саясат • 13 Тамыз, 2020

Орталық Азия-Жапония: Әріптестік жандана береді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бейнеконференция форматында сыртқы істер министрлері «Орталық Азия + Жапония» диалогының кезектен тыс кеңесіне қатысты. Аталған алаң COVID-19 пандемиясына қарсы тұру аясында ерекше маңызға ие.