Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект және деректерге талдау жасаудың өзекті мәселелеріне арналған «Artificial Intelligence Journey» атты онлайн конференцияда сөз сөйледі. 90 елден 28 мыңнан астам адам қатысқан бұл шара әлем бойынша биылғы ең ірі конференция болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Master event» Жасанды интеллект: болашаққа жауапкершілікпен қарау» тақырыбында өткен пленарлық талқылауға Мемлекет басшысымен қатар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысты. Жиынға «Сбербанк» БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф модераторлық етті.
Қазақстан Президенті өз сөзінде әлем экономика, қауіпсіздік, медицина, саясат сияқты адам қызметінің бағыттарын қамтитын жасанды интеллект, машина арқылы оқыту және нейрондық желілер дәуірінде өмір сүріп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл өзгерістерді COVID-19 пандемиясы кезінде қарапайым адамдар да сезінді.
– Бұл бізге мойын бұруға мұрша бермей, заманауи технологиялар жетектеп апара жатқан мүлдем жаңа әлем. Ол жарқын келешек пе, бұлыңғыр болашақ па? Келешек ұрпаққа не қалдыратынымыз? Бұл біздің – инженерлердің, IT- мамандарының, экономистердің, әсіресе, саясаткерлердің жұмылған күш-жігеріне байланысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бүгінгі таңда жасанды интеллектінің кескініне қарап-ақ, ауруды анықтап, диагноз қоюға, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін айтты.
Президент сарапшылардың болжамдарынан мысал келтірді. Олардың айтуынша, жасанды интеллектінің қолданылуы қауіпті инфекциялары бар аурулардың келесі толқынын 18 ай бұрын анықтауға мүмкіндік жасайды. Бұл күрделі жағдайға дайындалу үшін айтарлықтай уақыт береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жасанды интеллект технологиясын өркендетуді және үлкен деректерге талдау жасауды дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықтағанын жеткізді. Оның пікірінше, географиялық тұрғыдан үлкен мемлекеттерге ел ішінде «цифрлық теңсіздікті» төмендету және «цифрлық агломерация» маңызды болмақ.
Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына Қазақстанда цифрлық технологияларды енгізу жөнінде қабылданған шаралар және пандемия кезінде олардың атқарған маңызды рөлі туралы айтты. Мәселен, бұл – мемлекеттік қызметтерді қашықтан ұсыну, қашықтан бірегейлендіру және әлеуметтік жәрдемақы алу үшін шоттарды ашу сияқты қызметтерге қатысты.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті мемлекеттік басқару жүйесін жақсартуда, мемлекеттік саясаттарды іске асырудың сапасын арттыруда ақпараттық технологияларды қолдануға мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ фактілерге негізделген саясатты қалыптастыруда және оны тиімді іске асыруда ауқымды деректерді цифрландыру мен оларды талдаудың рөлін атап өтті.
Президент өз сөзінде нақты уақыт тәртібінде деректердің болуы, сондай-ақ толық емес немесе анық емес ақпаратқа негізделген болжам жасау кезінде жасанды интеллектінің көмегі қабылданатын шешімдердің сапасын түбегейлі өзгертуі мүмкін екенін айтты.
Мемлекет басшысы мәлімдегендей, Қазақстанда қазіргі уақытта үлкен деректерді жинақтауға және іріктеуге арналған жаңа тәсілдердің «Data-Driven Government» тұжырымдамасын енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті экожүйені жоспарлы енгізудің қажеттігі туралы мәлімдеді. Оның ақпаратына сәйкес, Назарбаев Университетінің базасында Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты құрылды. Аталған Институт Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, жеке зертханасы, деректерді өңдеудің зерттеу орталығы және жасанды интеллектіні дамытудың ғылыми паркі бар ұлттық кластер құруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар Президент Қазақстан Үкіметі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Дүниежүзілік экономикалық форум арасында «Астана» ХҚО платформасындағы және құзыретіндегі Төртінші өнеркәсіп революциясының үлестес орталығын ашу туралы келісімнің бар екенін айтты. Аталған орталық инновациялық жобаларды іске асыру саласы бойынша реттеушілік нормаларды дамыту мақсатында Орталық Азияның мемлекеттік құрылымдарын, бизнесі мен индустриялық әріптестерін біріктіреді.
Қазақстандағы цифрландыру үдерісі тақырыбын жалғастыра отырып, Президент еліміз үшін жаңа технологияларды қолдану – мақсат еместігін, азаматтардың өмірін және бизнесті жақсартудың тәсілі екенін атап өтті. Оның пікірінше, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту сән қуу емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің басты құралы.
– Мемлекет машина сияқты жұмыс істеуі тиіс, бұл дұрыс. Алайда, шын мәнінде, халық үніне құлақ асатын мемлекет және мемлекеттік қызметшілердің бойында эмпатия, уайымдау сезімі болуы керек. Олар азаматтармен өзара іс-қимылға ресурстарды көбірек жұмсауы тиіс, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент конференция қатысушыларының назарын жасанды интеллектіні дамыту және енгізу кезінде ескерілуі тиіс сын-қатерлерге аударды. Оның айтуынша, өңделетін ақпараттың үлкен бөлігі құпия болған жағдайда жеке мәліметтердің қауіпсіздігі мен оларды қорғау мәселесі туындайды. Мемлекет басшысының пікірінше, аталған мәселені шешу үшін оның теңгерімін табу қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін жалғастыра келе, жасанды интеллектіні қақтығыстар, геосаяси текетірестер кезінде «қару» ретінде қолдану мүмкіндігін айтты. Қауіпсіздіктің қалыптасқан құрылымындағы және қарулануды бақылаудағы сын-тегеуріндер кибертехнологиялардағы және жасанды интеллект саласындағы текетірестер нәтижесінде шиеленісе түсуі мүмкін.
Осыған байланысты күшті дамыған технологиялары бар кейбір мемлекеттер, саяси одақтар және тіпті, жеке корпорациялар ерекше мәртебеге үміткер болып, өзге мемлекеттерді өз шарттарын қабылдатуға мәжбүрлеуі мүмкін деген болжам айтты.
Президент әлемнің саяси басшыларына жасанды интеллект технологияларын адамға және оның құқықтарын бұзуға қарсы қолданбау туралы Меморандумды қабылдау мүмкіндігін ойластыруды ұсынды. Мемлекет басшысы айтқандай, мұндай құжат адамзат үшін моральдық-этикалық пакт және жасанды интеллект пен оны әзірлеушілер үшін үзілді-кесілді императив болуы мүмкін.
– Біздің міндетіміз осындай сипаттағы кері әсерлерді болдырмау шараларын қалыптастыру. Жаңа заманның табысы біздің жаңа технологияларға енгізетін адамгершілік деңгейіне тәуелді болмақ. Машиналар мен роботтардың ойлау процестері сындарлы бағытта ғана дамуы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сөзін қорытындылай келе, жасанды интеллекті дұрыс қолданған кезде бізге барынша үйлесімді әрі байсалды дамуға мүмкіндік беретін құрал болатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы пленарлық пікір алмасу аясында модератор мен сарапшылар қойған бірқатар сауалдарға жауап берді.
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Кеше
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Кеше
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Кеше
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Кеше
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Кеше
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Кеше
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Кеше
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
UBS стратегтері крипто-инвесторларға барлық ақшаларын жоғалту қаупі туралы ескертеді
Экономика • 16 Қаңтар, 2021
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар