Egemen Qazaqstan
395 материал табылды

Руханият • 07 Қаңтар, 2021

Абай ақындығының алтын бастауы

Абай өмірбаянының Мұхтар Әуезов жазып қалдырған төрт нұсқасы бар. Ұлы ақын он жасқа келгенде әкесі Семей  қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абайдың біраз оқығандығы айтылады. Ақынды ауылында оқытқан молда туралы С.Мұқанов былай деп жазады: «Құнанбай Абайды Ғабитхан дейтін татар молдаға сабаққа береді. Ғабитхан Қазан жақтан 1850 жылдары солдатқа алынудан қашып, қазақ даласына келеді де, Балқаш көлінің шығыс жақ жиегін мекендеп отырған Керей руында Шүршіт атты байға көп тоқырайды. Келесі жылы Көкшетау дейтін жерде Құнанбай көршілес көп руларды шақырып, өлген әкесі Өскенбайға ас береді.

Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2020

Қолжазбалар мен сирек кітаптар – ұлтымыздың құнды мұралары

Қолжазбалар мен сирек кітаптар – қай заманда да киелі құндылық, асыл қазына. Әрбір халық мәдениетінің биіктігі мен ділінің беріктігі құнды деректердің мазмұнымен, оның көркемдік сапасымен және сауаттылығымен өлшенетіні анық. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі қолдау көрсетіп, бас­тамашы болған «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шетте жатқан біраз құндылықтарымыз елге келгенімен, әлі де зерттелмегені қаншама. Мәдени мұраның жалғасы іспеттес «Архив - 2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020 - 2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары еліміздің архив саласына үлкен бір серпін бере отырып, ұлтымыздың құнды мұраларын ғылыми деректер тұрғысынан баянды етуде қолжазбалар мен сирек кітаптардың маңызы ерекше екендігіне назар аудартты. Ежелден қазірге дейін сақталған жазба дүниелерімізді ұлықтау арқылы Біртұтас ұлтымыздың жарқын болашағын қалыптастыру – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірден-бір мақсаты болып отыр.

Әлем • 23 Желтоқсан, 2020

«Брюссель әсері» технологиялық компанияларға да тиеді

НЬЮ-ЙОРК . Еуропалық комиссия таяуда цифрлы экономикаға қатысты негізгі ережелерді таныстырып, тағы бір жаһандық стандартты іске қосты. Үлкен технологиялардың ықпалын азайтуға арналған Цифрлы қызмет акті (DSA) және Цифрлы нарық акті (DMA) Apple, Amazon, Facebook, Google және басқа да АҚШ-та орналасқан үлкен компаниялардың бизнеске ықпалын төмендетуге ұмтылады. Еуропалық одақ аталған компанияларды интернеттің күзетшілері ретінде белгілеп, олардың нарықты жау­лап алған билігінің әсерін бақылауға алуды көздейді.

Әлем • 23 Желтоқсан, 2020

НАТО-ны қайта қалпына келтіру

СТЭНФОРД. АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байденнің таяуда ғана зейнетке шыққан «төрт жұлдызды» генерал Ллоид Остинді Қорғаныс министрі ретінде көргісі келетіні көп нәрсені аңғартады. Яғни келер жылдың 20 қаңтарынан бастап Америка бұрынғы арнасына түседі, достарын жазалап, жауларын марапаттаудың жолын іздеуді доғарады. Бұл өзгерісті әлемге түсіндіру үшін Байден Ақүйге орналасқан соң, президент Дональд Трамптың биылғы шілдеде АҚШ-тың 12 мың сарбазын Германиядан шығару жөніндегі шешімін жоюы тиіс.

Руханият • 23 Желтоқсан, 2020

Өлеңнің серті кетіп, дерті қалса...

Поэзия деген не десе, бір сөзбен айт десе, поэзия деген серт дер едім. Бұған біреулер «Көркемдік ше, көркемдік?» деп таласа кетуі мүмкін. Ал мен оларға: «Ант пен серттен асқан қандай көркемдік бар?!» деп айтар едім. Ант пен серт жүректен шығады, сондықтан да ол көркем болады. «Құран ұстап ант еттім», «Семсер ұстап серт еттім» дегендей сөздер содан қалған жоқ па. Ант пен сертте жалғандық та болмайды емес пе.

Тарих • 23 Желтоқсан, 2020

Қаһармандық өнегесі

Дүниені дүр сілкіндірген ХХ ғасыр қанды соғыстармен қатар, хас батырлар мен даңқты қолбасшыларды да дүниеге әкелді. Осындай ардақты тұлғалардың арасында аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы да бар.

Экология • 20 Желтоқсан, 2020

ERG – кімге бақ, кімге сор?

Павлодар - индустриялды аймақ. Алпауыт өнеркәсіптердің басын қосқан ERG компаниясы анау айтқандай жұрттың шекесін шылқытпаса да өңірдің гүлденуіне айтарлықтай үлес қосып, бірнеше мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отыр. Әттең, таяқтың екі ұшы бар. Ірі зауыттардан бөлінген химиялық қалдықтардың салдарынан экологиямыз ақсап, он екі мүшеміз қақсап тұр.

Руханият • 20 Желтоқсан, 2020

Алаш ұранды әдебиет және Рымғали Нұрғали ұстанымы

Өзінің көп қырлы талантының көрсеткішіндей болып қазақ әдебиеттану ғылымының ірі тұлғасына айналған аса зор білімпаз, ғылымның тылсым тұңғиығына еркін бойлаған оқымысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың және гуманитарық ғылымдар саласы бойынша берілетін Шоқан Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор, тағы да көптеген атақ, лауазымдар мен марапаттарды иеленген Рымғали Нұрғали – қазақ әдебиеттану, әдеби сын саласында өзіндік стильдік өрнек әкелген, зерттеу тәсілінде өзгеше форма, жаңаша мазмұн, ұлттық рух қалыптастырған тұлға.

Қазақстан • 04 Қараша, 2020

Атқарылған іс те, атқарылар шаруа да ауқымды

Әлемді әбігерге салған COVID-19 індеті жаңа сын-қатерлерді туындатты. Оқшаулана түскен жаһан жұртынан Қазақстан да сырт қалмайтыны, барынша сақтанумен бірге өзіндік икемді даму жолын іздейтіні белгілі. Осы орайда елімізде эпидемияның алдын алуға барлық қам-қарекет жасалғанын, мемлекет пен қоғам бір мақсат пен бір мүддеге жұмыла білгенін, бұл – елдігіміздің көрінісі екенін атап айтуға тиіспіз. Қазақстан пандемия зардаптарымен күресуде тек денсаулық сақтау мен білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласының қордаланған мәселелерімен ғана бетпе-бет келген жоқ. Соңғы ғасырларда болмаған бұл індет интеграцияық қарым-қатынастың жетілген заманында алапат ауқымға ие болғандықтан, одан Тәуелсіздік жылдарында дүниенің төрт тарабымен де терең байланыс орнатқан отандық экономика да ойсырай зиян шеккенін көріп отырмыз.