Абай • 13 Наурыз, 2020

Мажарстанның Сегед қаласында Абай оқулары өтті

253 рет көрсетілді

Мажарстанның Сегед қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған Абай оқулары өтті. Іс-шара барысында осы жылы 1150-жылдығы аталып өтетін ғұлама, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің де мұрасы талқыланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сегед университетінің Алтаистика кафедрасында өткізілген іс-шараға профессорлық-оқытушылық құрам, университеттің мажарлық және қазақстандық студенттері, сондай-ақ аталған университетте дәріс беретін отандасымыз Р.Мукушова қатысты.

Өз сөзінде Елші Ж.Әбдрашов Қазақстан мен Мажарстан арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқанын, ағымдағы жылы Қазақстанда Абай Құнанбайұлы мен Әл-Фарабидің мерейтойларын бірге атап өтетінін жеткізді.

Мажар тарапынан Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, проф. З.Дьенге және Алтаистика кафедрасының меңгерушісі, проф. И.Зимони сөз алып, ақын мен философтың әлемдік мәдени мұраға қомақты үлес қосқанын атап өтті.   

Іс-шара барысында мажар тілінде жарыққа шыққан Абай туралы кітаптар және Қазақстан тарихы туралы басқа да кітаптар Сегед университетінің кітапханасына сыйлық ретінде берілді.

Іс-шара аяқталған соң Елші Ж.Әбдрашов Сегед университетінің Халықаралық және қоғамдық істер жөніндегі вице-ректоры П.Закармен кездесті.

Соңғы жаңалықтар

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:12

SpaceX тағы 60 спутник ұшырды

Әлем • Бүгін, 08:51

«Спартактан» басым түсті

Хоккей • Бүгін, 08:42

Даланы тербеткен сырлы саз

Руханият • Бүгін, 08:38

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:25

Есіл бойына ел қондырған

Таным • Бүгін, 08:21

Елбасы және Түркістан

Оқиға • Бүгін, 08:19

Мерекені мазмұнды өткізеді

Оқиға • Бүгін, 08:18

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Бүгін, 08:15

Кемеңгер келбеті

Руханият • Бүгін, 08:08

Жұмыс ашық ұйымдастырылады

Саясат • Бүгін, 08:04

Шабыт шалқытар шаңырақ

Театр • Бүгін, 08:00

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:47

Нұр-аға

Руханият • Бүгін, 07:35

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Бүгін, 07:30

Алтайға ат басын бұрған сәт

Таным • Бүгін, 07:29

Ізгі тілектер легі

Әлем • Бүгін, 07:20

Тиграйдағы қақтығыс

Саясат • Бүгін, 07:18

Байқаушыларды оқытады

Оқиға • Бүгін, 07:05

Ұқсас жаңалықтар