# Абай

Абай • 26 Қараша, 2020

Абай – түркінің алып тұлғасы

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті мен Эгей университетінде (Измир,Түркия) қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жыл­дық мерейтойы аясында «Абай – түркі әлемінің ұлы тұлғасы» атты халықаралық онлайн конференция өз жұмысын бастады.

Абай • 21 Қараша, 2020

Сан-Францисконың Бас қоғамдық кітапханасында қазақ әдебиетінің бөлімі ашылды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту шеңберінде Сан-Франциско қаласының Бас қоғамдық кітапханасында Қазақстан әдебиет мен мәдениетіне арналған бөлім ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай • 20 Қараша, 2020

Досмұхамед Кішібеков: Абай туған халықтың ұсақталуға хақысы жоқ

Есімі елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де етене таныс Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Досмұхамед Кішібековке амандаса барып, бүгінгі ғылымның өрісі, ұлттық таным, ұрпақ тәрбиесі тұрғысындағы ойларын тыңдап, батасын алып қайтқан едік. Балалық шағы зұлмат соғыс пен ашаршылық нәубетіне тұспа-тұс келген оның маңдайына тосын сыйы көп тағдыр қазақ ғылымына қалтқысыз қызмет етуді жазыпты. Жасы ғасырға жуықтаса да, санасы сергек, сөзі мірдің оғындай. Қатал уақыт қарттың қайратын алса да, көңіл көгіндегі сезім сәулесіне селкеу түсіре алмапты. Ғұмырлық қағидасында ұлттық мүддені бәрінен биік қоятын тұғырлы тұлғаның әңгімесі де әсерлі.

Абай • 20 Қараша, 2020

«Толық адам» ілімі және бүгінгі жастар

Профессор Мекемтас Мырзахметұлы – Абай мұрасын, оның зерттелу тарихы мен шығыс әлемімен байланысын бүкіл саналы ғұмырында терең зерттеп, зерделеп, көпшілікке насихаттап айтудан жалықпай келе жатқан белгілі абайтанушы. Өткен ғасырдың 70-жылдары (1973-1977) Абай атындағы қарашаңырақ ҚазПИ-дің филология факультетінде оқып жүргенде, ол Абайтану курсынан дәріс жүргізіп, сонда ұлы ақынның өлеңдері мен қарасөздеріне жан-жақты талдау жасайтын. Шығыс философиясынан бастау алып жататын дүниетанымына қатысты тың өрісті ойларын өрбітетін. Бұл әлі ұлы ақынның шығыс әлеміне қатысты көзқарасының еркін айтылмайтын, тіпті жабық тақырып кезі болса керек. Сонда ішке түйілген, сыртқа шығарып еркін айтуға болмайтын ой-қорытындыларын біздің құлағымызға жетсін, бірінің болмаса, бірінің жүрегінде қалар дегені болар, әңгімесін қызынып, жүйе-жүйесімен, түйдек-түйдегімен айтатын. 38-қарасөздегі философиялық ұғымдар, «суық ақыл», «нұрлы ақыл», «жәуанмәрттілік», «ақыл, қайрат, жүректің бірлігі», «жүректің культі», тағы басқа жайлар сол кездегі қырықтың үстіндегі Мекемтас ағамыздың айтуымен есте қалыпты.

Абай • 18 Қараша, 2020

Күршімде Абай алаңы ашылды

Абайдың 175 жылдығында Күршім көркейе түсті. Шекара шебіндегі ауданда Абай атында алаң ашылып, ақынның тұлға мүсіні орнады.

Абай • 18 Қараша, 2020

Абай атындағы амфитеатр

Адамзаттың даму тарихында амфитеатрдың алатын орны ерекше екен. Өйткені, ғаламшардағы өркениеттің өрістеуі мен кісінің рухани, мәдени өсу іздері де осы ашық аспан астындағы қойылым аренасының баспалдақтарында жатқандай. Ал дүние жүзіндегі ең алғашқы көрермен жиналатын орын ежелгі Римде пайда болғаны белгілі.

Абай • 18 Қараша, 2020

Гиперреалист алғаш рет Абай мүсінін жасады

Кескіндеме мен мүсін өнерінің ортақ тілін таба білген еліміздегі тұңғыш гиперреалист, мүсінші Айдос Есмағамбет Абайдың мүсінін айнытпай жасап шықты. Мүсіннің супер реалистігі соншалық, саналы ғұмырын қалың елі, қазағының мұрат-мүддесіне серт еткен, ұлт болып ұйысып, елдікке бет бұруға үндеген ойшылдың бейбіт болмысы көрініс тауыпты.

Абай • 18 Қараша, 2020

Абай және Марғұлан

Академик Әлкей Марғұлан ұлы суреткер, классик жазушы Мұхтар Әуезовке еріп, 1924 жылы Шыңғыстауда болғанында ұшан-теңіз әсерге бөленіп, қызықты әңгімелер естіп, Абай туып-өскен өрелі жұрттың «үлкені де, кішісі де ойға батқан, тұңғиық, өзгеше тыңдаушылардың алдында «данышпан қариялары шалқыған ойларын тебіренте салмақпен құйылтып ой қозғап, толғаулармен, термелермен адамды еріксіз өзіне тартып, кейде сөз арасында атақты ойшылдардан мысал келтіріп отыратынын» тебірене жазады.

Абай • 11 Қараша, 2020

Лондонда "ABAI" кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін Лондонда Кембридж университетінің баспасы, Қазақстанның ұлттық аударма бюросы жəне Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен əлемдік деңгейдегі ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлы 175 жылдық мерейтойына орай хакім шығармаларының ағылшын тіліндегі алғашқы толық жинағы "ABAI" кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Фото