Қазақстан • 29 Қазан, 2020

Bek Air клиенттерге тағы 33,8 млн теңге қайтаруы тиіс

25 рет көрсетілді

Бүгін Алматы қаласының Түрксіб соты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Бек Эйр" АҚ әуе акомпаниясына қатысты тоқтатылған рейстерге билеттер құнын қайтару туралы талап арызын толық көлемде қанағаттандырды, - деп хабарлайды Egemen.kz

ТҚҚК 535 адамның мүддесін қорғады, талап сомасы 33,8 млн теңгені құрады.

Бір күн бұрын прокурор ТҚҚК "Бек Эйр" әуе компаниясына қатысты талаптарын қолдады.

ТҚҚК талаптары:

1. "Бек Эйр" АҚ қызметтерін тұтынушыларға тұтынушының кінәсісіз жойылған рейстерге бұрын сатып алынған билеттерінің толық құнын өтеу құқығын тану

2. Жауапкерді тұтынушының кінәсіз жойылған рейстерге бұрын сатып алынған билеттердің толық құнын өтеуге мәжбүр ету;

3. "Бек Эйр" АҚ-нан тұтынушылар пайдасына авиабилеттер үшін төленген соманы өндіріп алу.

Еске салайық, бұл ТҚҚК авиакомпанияға қатысты үшінші талабы. Бұған дейін, 2020 жылдың 15 және 26 қазанында Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы "Бек Эйр" АҚ-ның шағымдарын қанағаттандырусыз, ал бірінші сатыдағы сот шешімдерін өзгеріссіз қалдырды.

Осылайша, ТҚҚК "Бек Эйр" компаниясына қарсы бірінші және екінші талаптары бойынша сот шешімдері заңды күшіне енді. Әрі қарай қаражатты қайтаруды жүзеге асыру "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес жүзеге асырылатын болады, бірақ мерзімді айыппұлдар туралы атқарушылық құжаттарды, сондай-ақ заңнамалық актілерде орындаудың басқа мерзімдері белгіленген жағдайларды қоспағанда (Заңның 39-бабы) сот орындаушыларының сот шешімдерін орындауы атқарушылық іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі айдан аспауы керек.

"Бек Эйр" әуекомпаниясының клиенттерінен шағымдардың күн сайын түсуіне байланысты, ТҚҚК сотқа төртінші талап арызбен жүгінбекші.

Жалпы, ТҚҚК уәкілетті орган ретінде қазақстандықтарды қорғауды жалғастырады және тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Ұқсас жаңалықтар