Спорт • 21 Қараша, 2020

Күрес: Ел чемпионатының финалистері анықталды

44 рет көрсетілді

Еркін күрестен Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күнінің финалистері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

65 кило салмақта қызылордалық Дәулет Ниязбеков пен қарағандылық Әділ Оспанов бас жүлдені сарапқа салады. 70 кило салмақ дәрежесінде шымкенттік Нұржан Сейітжан мен Сырбаз Талғат күш сынасады. 97 кило салмақта жамбылдық Әлішер Ерғали мен қарағандылық Серік Бақытханов белдеседі.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жарыс күні мына балуандар жеңіс тұғырына көтерілген болатын: 57 кило: 1. Дәулет Темиржанов (Ақмола), 2. Жавохир Иристаев (Қарағанды), 3. Ғабит Төлепбай (Шымкент) мен Рахат Қалжан (Жамбыл). 61 кило:1. Адлан Асқаров (Алматы облысы), 2. Саламат Мәліков (Атырау), 3. Расул Қалиев (ШҚО) пен Азат Оганнисян (Қарағанды). 86 кило: 1. Азамат Дәулетбеков (ШҚО), 2. Есқали Дәулетқазы (Алматы облысы), 3. Әділет Даулынбаев (Алматы қаласы) пен Нұрдәулет Көктеубаев (Маңғыстау).

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар