Спорт • 21 Қараша, 2020

Күрес: Сырбаз Талғат 70 кило салмақта ел чемпионы атанды

52 рет көрсетілді

Еркін күрестен Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 70 кило салмақ дәрежесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

70 кило салмақ дәрежесінде бас жүлде үшін тартыс шымкенттік Нұржан Сейітжан мен атыраулық Сырбаз Талғат арасында өтті. Бұл бәсекеде Атыраудан келген балуанның үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Қарсыласын 10:0 есебімен ұтқан ол ел чемпионы атанды.

Атыраулық Айдын Тәжіғали мен қарағандылық Ғалымжан Ибадулланы ұтқан Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Сұлтан Бейісов пен талдықорғандық Ерлан Тәңірбергенов қола медальді қоржындарына салды.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар