Еліміздегі негізгі байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуды аяқтады. Нәтижесінде өңірдегі 60 ауылдық елді мекенде 156 мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйым жоғары жылдамдықты интернетке қосылды.

Тайынша ауданы, Петровка ауылындағы орта мектеп алғашқылардың бірі болып кең жолақты интернетке қосылды. «Оптика» арқылы жеткен жүйрік интернеттің игілігін мұғалімдермен қатар, оқушылар да бағалап үлгерді.
– Веб-сайттар бірден ашылады. Оқушылар бүкіл сынып болып немесе жеке-жеке әртүрлі құрылғылардан Bilimland.kz сияқты интернет-ресурстарды емін-еркін қолдана алады. Бұл оқу процесін қызықты әрі танымды етеді, – дейді Петровский орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Бауыржан Әлімов.
Ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылмай тұрған кезде жергілікті дәрігерлер де онлайн-платформалармен жұмыс істеу барысында қиындықтарға көп кезігетін. Сондықтан ауыл дәрігерлері оптикалық желі тарту жұмыстары тезірек аяқталғанын асыға күткен болатын. Тимирязев ауданы, Хмельницкое ауылындағы медициналық пункт фельдшері Светлана Полубоярцева коронавирус індеті жайлаған кезде науқастарға онлайн кеңес беру аса қиынға соққанын еске алады.
– Шынын айту керек, интернет-ресурстарда жұмыс істеу мүмкін болмады. Науқастарға телефон арқылы кеңес беруімізге тура келді. Мессенджер арқылы дыбыстық хабарламалар, құжаттар мүлдем жіберілмеді. Облыс орталығында өткен онлайн-конференцияларға қосылу туралы айтпасақ та болады. Ал қазір ауылымызға интернет келді. Бәрі күрт өзгерді. Бұрынғы қиындықтың бәрі. Біз денсаулықты басқару арнайы бағдарламасымен жұмыс істейміз, онда диспансерлік науқастардың деректері оңай енгізіледі. Көлемді файлдар электронды поштаға бірден жүктеледі, – дейді фельдшер.
Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу екі жылға жалғасты. Жұмыс аймақтың қытымыр қысында да, қайнаған жазы мен жаңбырлы күзінде де үздіксіз жүргізілді. Компания өкілдері хабарлағандай, қүрделі климаттық жағдайлар жерді қазып, құбыр салып, оның ішіне оптикалық желіні жүргізу жұмыстарын қиындатты. Солтүстік Қазақстан облыстық жергілікті желілердің техникалық торабы қызметкерлерінің айтуынша, ауыр техникалардың батпаққа батып немесе аязда қатып қалған кездері жиі болған. Соған қарамастан, құрылыс бригадалары жұмысты тоқтатпай, жүктелген міндетті, яғни ең алыс ауылға дейін «оптика» жеткізу ісін жоспарға сай орындап бітірді.
«60 ауылға дейін 1245 километрлік оптикалық кабель тартылды. Жылдамдығы жоғары интернет 62 білім беру объектілеріне, 44 денсаулық сақтау, 40 ауылдық әкімдіктерге, 4 ауылшаруашылық нысандарына және 6 полиция бекеттеріне берілді. Барлығы 156 мемлекеттік мекеме кең жолақты, ең сенімді интернет желісіне қосылды», деді Солтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Ерсайын Дүйсемәлиев.
Солтүстік Қазақстан облысы «Қазақтелеком» талшықты-оптикалық байланыс желілері құрылысын аяқтаған тоғызыншы аймақ болғанын атап өткен жөн. Осы аймаққа тартылған талшықты-оптикалық байланыс желісінің негізінде 5 ауылдық елді мекенде жаңадан мәлімет тарату торабын монтаждауға мүмкіндік жасалды, сол арқылы кең жолақты интернет әрбір тұрғын үйге жетті. Ал 23 ауылда тораптардың өткізгіштік қабілеті артты.
«Құрылған инфрақұрылым негізінде ауыл тұрғындарын ұялы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған «250+» жобасы одан әрі іске асырылатын болады. Айта кетейін, Солтүстік Қазақстан облысында осы жоба аясында 70 ауылдық елді мекен тұрғындары мобильді интернетке қосылу қызметімен қамтамасыз етіледі», деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Ауылға «оптика» тартылғаннан кейін, желілер де жаңартылды. Нәтижесінде тұрғындарға «Қазақтелекомнан» заманауи телекоммуникациялық қызметтерге қосылу мүмкіндігі берілді. Мәселен, облыс орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан Сырымбет ауылында 600-ден астам адам тұрады, ал көп балалы Бейсембаевтар отбасы интернетке алғашқылардың бірі болып қосылды.
– Біздің отбасымызда жеті бала бар. Қашықтан оқытуға көшкенде біз басқа ауыл тұрғындары сияқты интернеттің әлсіздігінен қолымыз байлаулы болып қалды. Сондықтан күн сайын интернет іздеп сонау Саумалкөл ауылына балаларды апаруға тура келді. Бұл ауылға тек бір бағытқа 30 шақырым, барып-қайту үшін 60 шақырым жүретінбіз. Қаншама уақытты құртып, жол азабын тарттық. Енді міне жүйрік интернет үйге кірді. Бұл – біз үшін үлкен мереке. Интернет қазір тек мектепте ғана емес, үйде де бар, – деп өзінің әсерімен бөлісті көпбалалы ана Азина Айтпаева.
Қазіргі таңда Айыртау ауданы, Комаровка, Бірлестік, Ағынтай батыр ауылдарының тұрғындарына кең жолақты интернетке қосылудың техникалық мүмкіндігі де ұсынылған. Әрі қарай «250+» жобасы бойынша Айыртау ауданының 15 ауылдық елді мекенінде ұялы байланыс операторларының базалық стансалары салынады.
Бүгінде «Қазақтелеком» компаниясы 2018 жылы бастау алған ең ауқымды әрі маңызды жоба – ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасын аяқтауға таяп қалды. Қазір құрылыс-монтаж жұмысы бір ғана өңірде – Түркістан облысында жалғасып жатыр. Қалған аймақтарда жұмыс толық аяқталып, келесі жоба – ТОБЖ базасында жүзеге асатын «250 +» жобасы жүзеге асырылуда.
2018 жылы ТОБЖ жобасы басталғанға дейін елімізде 1200 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосылған-ды. Биылғы жылдың соңында 2000 ауылға жетеді. Одан бөлек, LTE800 стандартты стансалар желісіне қосылу арқылы, кемінде 250 адам тұратын 2 жарым мыңға жуық ауыл радиосигналмен қамтылады. Яғни бүкіл ауылға интернетпен 100 пайыз жеткіземіз деген сөз.
Бұл жерде мән беретін тағы бір маңызды аспект бар, бастысы – ауылдарға талшықты оптикалық байланыс желісі тартылады. Ал әрі қарай өзге байланыс операторлары іліп әкетуге тиіс. Себебі ТОБЖ кірген нүкте болмаса, өзге майда байланыс операторлары өздігімен ауылдарға ешқашан келмейді. Себебі олардың қызметін жүргізуіне негіз болар қазық қағылмаған. ТОБЖ-дың барғаны басқа байланыс операторлары үшін негізгі қазықтың міндетін атқарады деуге болады.
«Қазақтелеком» талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға ғана емес, сонымен қатар оларға 14 жылға қызмет көрсетуге кепілдік берді. Ал өзге ұялы байланыс операторлары «Қазақтелекомның» ауылға шынайы түрде, ұзақ мерзімге келгеніне көз жеткізіп, осы нарыққа шығуды шындап қолға алады.
Жалпы, жыл соңына дейін ел бойынша 14,5 мың шақырым желі салынады. Бұл өте күрделі құрылыс. Салыстыру үшін айтар болсақ 14,5 мың шақырым – Қазақстан мен жаңа Зеландия арасындағы қашықтықпен тең. Осындай көлемді аумақта жер қазып, құбырлар салып, құбырдың ішімен 828 ауылға оптиканы кіргізіп, 2,5 мың мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйымдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу ерен еңбекті қажет ететін мегажоба екені анық.
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Ұқсас жаңалықтар