Кеше Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқа ғана баяндаған әкім уақытының көп бөлігін журналистердің сұрақтарына жауап беруге арнады. Біз соның негізгілеріне көңіл аудардық.

Осы аптада әлеуметтік желілерде Павлодар қаласындағы жолаушылар тасымалына қатысты шу бұрқ ете қалды. Белгілі болғандай, шаһардағы автопарктердің бірінің жүргізушілері мен кондукторлары жұмысқа шықпай қойған. Сөйтіп, наразылық танытқан. Ал олардың мұндай қадамға баруына жолаушылар ақысының толық төленбеуі түрткі болған. Яғни тасымалдаушылар шығынға бата жүріп жұмыс істеуден шаршаған.
Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, бұл проблеманы жүйелі шешпесе болмайды. Ал орын алған оқиға ойдағыдай реттелген көрінеді.
– Тасымалдаушылар үш бағыт бойынша жұмысқа шықпаған. Олармен қала әкімі кездесті. Іле жүргізушілер мен кондукторлардың 90 пайызы жұмыстарына оралды. Пандемияға байланысты жолаушылар ағыны қысқаруда. Оның үстіне Павлодарда халықтың 17 санаты тегін тасымалданады. Мәселені сараланған тариф енгізу арқылы ғана шешуге болады. Ал сараланған тариф электронды билет жүйесі енгізілгеннен кейін ғана іске қосылады. Жаңашылдықты енгізу 2021 жылға жоспарланған. Электрондық билет жүйесі қанша жолаушы тасымалданатынын, оның қандай бөлігі жеңілдікпен жүретінін анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ әділ әрі нарықтық қатынастар құру үшін жолаушылардың қай бөлігінің жолақысы бюджеттен өтелуі тиіс екенін айқын көрсететін болады. Бұл бағдарлама әлі іске қосылу сатысында. Қыс ішінде кешегідей келеңсіздіктер қайталанбас үшін тиісті шараларды қабылдаймыз, – деді әкім.
Павлодар облысы үшін ең өзекті мәселенің бірі – экология. Өңір басшысы қоршаған ортаға жайылатын шығарындыларды азайтып, аймақты көгалдандыру бойынша шаралар топтамасы әзірленгенін жеткізді.
– Павлодар облысында экология мәселесін шешу төрт негізгі бағыттан тұрады. Атап айтқанда, өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларын шектеу, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару, көгалдандыру және экологиялық қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылды күшейту бағдарламалары бар. Өңірде экологиялық кеңес жұмыс істейді. Сонымен қатар ERG тобына қарайтын ірі кәсіпорындарда шығарындыларды азайту бойынша он жылдық бағдарлама іске асырылуда. Олар ескірген фильтрлерді заманауи гибридтермен жаңартуда. Павлодар алюминий зауытында алғашқы екі фильтр орнатылды. Соның нәтижесінде жылдық шығарындылар көлемі 2,4 тоннаға азаяды. Келер жылдан бастап Павлодар қаласында жыл сайын биіктігі 1,5-2 метрден асатын 20 мың ағаш отырғызу жоспарланды. Бұл бағдарлама Екібастұз және Ақсу қалаларында да қолға алынады, – деді Әбілқайыр Сқақов.
Өңір коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші бойынша «қызыл аймақта» тұр. Науқастардың көбеюіне шетелден келген адамдар әсер еткен. Өйткені облыс Ресейдің коронавирус жайлаған үш аймағымен шектеседі. Қазан айының басынан бері аталған бағыттағы шекаралық бекеттер арқылы өңірге 33 768 адам өткен. Қараша айында енгізілген қосымша шектеулер Ресейден келетін адамдар легін, тиісінше коронавирустың тасымалдану фактілерін едәуір азайтқан.
– Қазір коронавирусты жұқтыру фактілері облыс ішінде көбейіп тұр. Олардың негізгі бөлігі – науқастармен тікелей байланысқа түскен адамдар. Өңірдегі ахуал шиеленісіп тұрғанымен, денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық және кадрлық базасын нығайтудың нәтижесінде жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Ауруханалардағы жалпы төсек қоры мен жансақтау бөлімдеріндегі орындар көбейтілді, стационарлар барынша жабдықталды. Оттегі нүктелерінің санын алты есе ұлғайттық. Дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті. 600 адамнан тұратын медициналық қызметкерлер резерві бар. Осы жылы жедел жәрдем стансасының автопаркі 100 пайыз жанартылады. Соның нәтижесінде жедел жәрдемнің келу уақыты 7 минутқа дейін қысқарды. Мұндай жағдай станса тарихында алғаш рет орын алып отыр, – деді әкім.
Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, өңір тұрғындарының жағдайын арттыруға «Жұмыспен қамту жол картасы» мен өзге де мемлекеттік бағдарламалар оң ықпал етуде. Биыл 1 мың шақырым жол күрделі жөндеуден өткен. Оның бестен бір бөлігі – бұрын-соңды асфальт төселмеген жолдар. Сонымен қатар 205 мың ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтылмақ. Осы жылы жалпы көлемі 346 мың шаршы метр баспана тапсырылады. Оның ішінде жалға берілетін пәтерлер саны былтырғыдан тоғыз есе көп болмақ.
– Соңғы 10 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты. Өндірістің даму қарқыны – 100,4 пайыз. Өндірілген өнімнің жалпы құны 1,6 трлн теңгені құрады. Кен байыту саласында мыс концентратының өндірісі ерекше қарқын көрсетті. Электр энергиясын өндіру 1,8 пайызға артты. Машина жасау саласының даму қарқыны жаман емес. Мәселен, «Проммашкомплект» компаниясы өткен жылмен салыстырғанда темір жол дөңгелектерін 4,4 есе көп шығарды. Сонымен қатар ферросилиций және металл өндірісі де алдыңғы қатарда. Біздің өңірде өндірістік кластердің болашағы зор. Мәселен, осы күні алюминийден автомобиль дөңгелектері шығарылып келсе, жылдың соңында радиаторлар өндірісі басталады. Мыс кластерінің де даму әлеуеті жоғары. Бір ғана «Бозшакөлдің» өзінде жылына 100 мың тоннадан астам металл өндіріледі, – деді облыс әкімі.
Жыл басынан бері Павлодар облысының экономикасына шамамен 368 млрд теңге инвестиция тартылған.
– Жыл соңына дейін 33 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтимыз. Келер жылы 35 мың тұрғынды еңбекке тарту жоспарланып отыр. Күш-жігерді жұмыспен қамтуға жұмылдыратын боламыз, – деді Әбілқайыр Сқақов.
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Кеше
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Кеше
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Кеше
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Кеше
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Кеше
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Кеше
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Кеше
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
UBS стратегтері крипто-инвесторларға барлық ақшаларын жоғалту қаупі туралы ескертеді
Экономика • 16 Қаңтар, 2021
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар