Экология • 13 Қаңтар, 2021

«Киік» акциясы нәтижесінде 17 қылмыстық іс қозғалды

22 рет көрсетілді

Қазақстанда 2020 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлар құрамы «Киік» кең ауқымды акциясын жүргізу кезінде 17 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 14 киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және 3-сирек кездесетін жануарлар (арқар, қарақұйрық) түрінің заңсыз аулануы бойынша іс тіркелді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес, «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалануға» 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын естеріңізге саламыз.

Сіздерден браконьерлік жасау немесе жоспарлау фактісі туралы ақпарат болған жағдайда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің шұғыл желісіне 87776785252 нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Еске салайық, «Киік» акциясы - ақбөкендердің браконьерлігіне, олардың дериваттарын сатуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу жұмыстарын күшейту мақсатындағы дәстүрлі шара.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар