Қоғам • 13 Қаңтар, 2021

Мектеп асханаларының жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін

19 рет көрсетілді

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мектеп асханаларын ашу бойынша ұсыныстар қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мектеп асханасы бойынша мәселе қарастырылып жатыр. Эпидемиологиялық жағдайы қолайлы аймақтағы кейбір өңірлерде мектеп асханаларын ашу бойынша ұсыныстар келіп жатыр. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту үшін мектеп асханаларын ашу алгоритмі егжей-тегжейлі қаралады», деді Е. Қиясов.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар