Қазақстан • 04 Шілде, 2019

Арыс қаласын қалпына келтіруге 34,5 млрд теңге бағытталады — Ә. Смайылов

111 рет көрсетілді

Бұл туралы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламент Сенатында хабарлады.

Алдын-ала есептеулер бойынша, а.ж. 1 шілдеде Арыс қаласын қалпына келтіру үшін 34,5 млрд  теңгеге жуық қаражат қажет, оның ішінде Арыс қаласының әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы беру үшін 4,5 млрд теңге қарастырылған. 

Ә. Смайылов атап өткендей, осы мақсаттарда ҚР Үкіметінің қорынан 2 млрд теңге, Түркістан облысының бюджетінен 1 млрд теңге, гуманитарлық көмек ретінде 1,5 млрд теңге бөлінген. 

«7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру қажет, оның ішінде 49 үй бүтіндей қирап қалған. Тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін 19,2 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде қаражаттың 50%-ын өңірлердің бюджеті есебінен қамтамасыз ету көзделген,  50% — ҚР Үкіметінің қорынан бағытталады», — деді Ә. Смайылов.

 

Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру үшін (54 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны) 7 млрд теңге бағыттау жоспарланған, оның ішінде 6 млрд теңге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ есебінен, ал 1 млрд теңге - еліміздің бизнес қауымдастығы есебінен бағытталады. 

Ә. Смайылов электр желілерін, жылумен қамтуды қалпына келтіру және инфрақұрылымды жөндеу үшін 2,2 млрд теңге бөлінетінін айтты. 

«34 әкімшілік ғимаратты жөндеу үшін 1,7 млрд теңге бағытталады. Бұл мақсаттарға қаржыны ҚР Үкіметінің қорынан бөлу көзделген», — деді министр.

 

Соңғы жаңалықтар

Мереке қарсаңындағы марапат

Аймақтар • Бүгін, 16:06

COVID-19: Вакцина бағасы қандай болмақшы?

Коронавирус • Бүгін, 15:13

Алдағы күндері аяз болады

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Елордада STEM олимпиадасы өтті

Аймақтар • Бүгін, 10:30

Пневмонияның 43 жағдайы тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:10

Саңлақтар сыр бермеді

Күрес • Бүгін, 08:28

Білім мен рухани бірлік алаңы

Руханият • Бүгін, 08:23

Ел чемпионатында топ жарды

Спорт • Бүгін, 08:20

Ұқсас жаңалықтар