Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Шымкентте "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасымен 6 936 адам жұмысқа орналасты

20 рет көрсетілді

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы, жұмыспен қамту жол картасы және атаулы әлеуметтік көмек бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингінде осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасымбек Пернебекұлының айтуынша, биыл "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы негізінде 25 531 адамды жұмыспен қамту іс-шараларына қатыстыру жоспарланған болатын. 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 24 366 адам жұмыспен қамту іс-шараларына қатысқан.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 196 адам тегін кәсіби білім алып, 2 820 адам "Бастау Бизнес" жобасы негізінде кәсіпкерлік негіздерге оқытылды. 

Жыл басынан бері жалпы тұрақты жұмысқа орналасқан – 6 936 адам. 1 606 адам жаңа жұмыс орындарына, 338 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасса, 2 637 адам жастар практикасы, 4 837 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған. 

Биыл 3 931  адам мемлекеттік грантқа ие болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп. 

"Мемлекеттік грант алу бойынша жылдық жоспар 80 пайызға орындалып отыр. Былтыр 3478 адамға грант берілген болатын. Биыл бұл көрсеткіш 30 пайызға өсіп отыр. Бұл жылы Шымкент қаласына 1500 грант бөлінген еді. Кейіннен қала әкімінің тікелей қолдауымен және сұраныстың артуына байланысты жалпы 5000-ға жуық грант беру жоспарланды. Грант берудегі  бірден-бір мақсат – аз қамтылған отбасыларды жаппай кәсіпкерлікке баулу және олардың табыстарын арттыру", деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, "Жұмыспен қамту Жол картасы" бағдарламасы бойынша 237 жоба нақтыланып, бүгінгі күнге 8 640 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 405 адам жұмысқа орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Дәуірден озған дара тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:20

Ұқсас жаңалықтар