Руханият • 21 Қараша, 2020

"Егеменнің" тілшісі Абайдың 175 жылдығына арналған айтыстың бас жүлдегері атанды

357 рет көрсетілді

Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған "Қайран елім қазағым.." атты республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі, айтыскер ақын Рауан Қайдар иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі күнге созылған айтысқа еліміздің әр өңірінен 24 ақын қатысты.

Ақындар айтысына Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы төрелік етті.
Ллл

Ақындар Абай ұлағатынан сыр тартып, қазіргі қоғамның даму үдерісін, қордаланған мәселерді ортаға салды. Жеңге мен қайны арасындағы әдемі әзілдің айтысын жасады.
Қазылар алқасы ақындардың сөз сайысын, көркем ойын, сөз саптауын саралап, бас жүлдеге 24 айтыскердің арасынан топ жарған "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі Рауан Қайдарды лайық деп тапты.

Дб

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар