Пікір • 26 Қараша, 2020

Әлеуметтік ілгерілеу басты назарда

11 рет көрсетілді

Онлайн форматта Nur Otan пар­тиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Елбасы, партия Төр­ағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл съездің бұрын­ғылардан өзгерек және алды­мызда тұрған мақсат-міндет­терді іске асыру үшін маңызы зор екенін айтты. Расымен, пан­­демия кезінде ұйымдас­ты­рылып отырған осы жиын егемен еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы тұрғысынан ерекше мәнге ие.

Съезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағ­дарламасын таныстырды. Президен­тіміз атап өткендей, бұл – жан-жақты пысық­талған, барлық талап-тілектер ескерілген нақ­ты құжат. Онда алдағы уақытта іске асы­ратын негізгі басымдықтар айқын көрсетілген.

Олар: әр азаматқа өз әлеу­етін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру, интел­лек­­туалды ұлт қалып­тас­тыру, өңірлердің тұрақ­ты эко­номикалық да­муын қам­та­ма­сыз ету, ха­лық үніне құ­­лақ асатын, есеп беретін мем­­лекет және азаматтар­дың жауап­кер­шілігін арттыру.

Президентіміз айт­қан­­дай, бағдарлама елдің әлеу­меттік ілгерілеуіне және аза­маттардың әл-ауқатын артты­руға арналған нақты шаралар кешенін ұсынады. Оларды іске асыру үшін 21 триллион теңге бөлінетін болды. Бұл қаражат мемлекет тарапынан халықтың барлық тобына бірдей қолдау көрсетуге жұмсалады.

Алдағы уақытта аталған басым­дық­тар­ды жүзеге асыру жолында бәріміз жұды­рық­тай жұмылып, ортақ мақсатқа бірге қол жеткізейік!

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Парламент Сенатының Төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар