Қазақстан • 26 Қараша, 2020

Үшінші тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері жиіленуде

16 рет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) үшінші тұлғалардың ЭЦҚ пайдалану фактілерінің жиіленуде екенін хабарлайды.

2015-2018 жылдар аралығы кезеңінде 15 әкімшілік құқық бұзушылық (ҚР ӘҚБтК 640-бабы) 2019 жылы 52 іс тіркелді.

Ағымдағы жылдың 9 айында ЭЦҚ-ны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау бойынша шараларды сақтамаудың 5-тен астам жағдайы анықталды. Аталған фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынды.

«Соңғы кездері Министрліктің атына жеке және лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ - ны заңсыз беру фактілері бойынша көптеген материалдар мен шағымдар келіп түсуде. ЭЦҚ-ның қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең екенін және бірдей заңды салдарға әкеп соқтыратынын білу маңызды», - деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының өз ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан босатылған қызметкерлердің ЭЦҚ-сын кері қайтармайтын жағдайлары артты. Мұндай іс-әрекеттер ЭЦҚ-ны заңсыз қолдануға ықпал етеді. Бұл әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Өзін қорғау және алаяқтықтың құрбаны болмау мақсатында немесе кері жағдайда, бұзушы министрлік ретінде төмендегілерді ұсынады:

Біріншіден, ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруді болдырмау. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлер үшін жеке ЭЦҚ беру.

Екіншіден, ұйымнан ЭЦҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалау және оларды ЭЦҚ-мен уақтылы кері қайтарып алу.

Үшіншіден, жоғалған жағдайда, алдыңғы ЭЦҚ-ны кері қайтарып алып, ЭЦҚ-ны дереу қайта шығару, сондай-ақ парольді стандарттан неғұрлым күрделіге ауыстыру.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Бүгін, 15:06

Қалалық мәслихат сессиясы

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Парламентке тапсырма берді

Парламент • Бүгін, 14:35

Қазақстанда доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 12:37

Ұқсас жаңалықтар