Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2020

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта екі тақырыптық экспозиция ашылды

5 рет көрсетілді

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында екі тақырыптық экспозиция ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жас Сарбаз – Мәңгілік ел ұланы» экспозициясы құрылғанына екі жыл болған «Жас сарбаз» жастар қозғалысына арналған. Аталған қозғалыстың арқасында жастар әскери-патриоттық және шығармашылық бағыттағы түрлі қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік алады.  «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын құрудың бастамашысы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 

Математикалық ойлау және техникаға бейімі бар балалар үшін «Смарт сарбаз» сыныптары ашылған. Онда оқушылар робототехникамен айналысады және өз жобаларын жасайды. Олардың үздіктері экспозицияда ұсынылған.

Робот-сапер оқ-дәрілерді іздеуге арналған, робот-логистик оларды тасымалдаумен айналысады, робот-өрт сөндіруші өртті өз бетінше сөндіреді.

Тағы бір экспозиция Сталинград шайқасына жақын аймақта болған Батыс Қазақстан облысына арналған. Орал қаласының дәл осы теміржол торабының арқасында майданға қажетті қару-жарақ пен азық-түлік жеткізіліп отырған. Батыс Қазақстан облысының экспозициясында бомбаланған Жәнібек диорама бекеті көрсетілген.

Жаңа тақырыптық экспозициялар тарихты зерделеу үшін де, жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесінде де, Әскери-тарихи музейдің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • Бүгін, 17:16

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • Бүгін, 14:35

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • Бүгін, 13:28

Ұқсас жаңалықтар