Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі заттарын тасымалдаған қала тұрғыны ұсталды

444 рет көрсетілді

Осы жылдың 1 желтоқсанында патрульдік полиция қызметкерлері «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 12 шақырымында  жол ережесін бұзған шетел автокөлігін тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан ерекше иісі бар шөп салынған полиэтилен пакеті алынды. Сараптама қорытындысы оның 9 келіге жуық  кептірілген марихуана екендігін анықтады.

Қазір 30 жастағы күдікті қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • Бүгін, 17:16

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • Бүгін, 14:35

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • Бүгін, 13:28

Ұқсас жаңалықтар