Қазақстан • 13 Қаңтар, 2021

«Ашық үкімет» платформасы құрылды

14 рет көрсетілді

Мемлекеттің немен айналысатынын және әртүрлі жобалардың қалай іске асырылып жатқанын білу және ашықтығын анықтау мақсатында «Ашық үкімет» платформасы құрылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, «Ашық үкімет» платформасы ашық деректер, ашық НҚА, ашық диалог, ашық бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудан тұрады.

«2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 18:00-де «Astana Hub» базасында «brainstorm» конференциясы өтеді, онда біз «Ашық үкіметті» дамыту тұжырымдамасын талқылаймыз. Барлық ниет білдіруші азаматтарды талқылауға шақыра отырып, ашық үкіметті одан әрі дамыту үшін ұсыныстарды бірге қарастырғымыз келеді. Біздің мамандар талдау жүргізіп, проблемалық мәселелерді анықтады. Олардың шешімдері сервис жұмысын едәуір жақсартады. Ал біздің мақсатымыз барынша пайдалануға ыңғайлы әрі оңай етіп жасау», деп жазды Б. Мусин.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар