Айгүл СЕЙІЛОВА«Egemen Qazaqstan»
101 материал табылды

Абай • 26 Қараша, 2020

Абай – түркінің алып тұлғасы

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті мен Эгей университетінде (Измир,Түркия) қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жыл­дық мерейтойы аясында «Абай – түркі әлемінің ұлы тұлғасы» атты халықаралық онлайн конференция өз жұмысын бастады.

Әдебиет • 24 Қараша, 2020

Құсқа айналған қыз

Екінші мыңжылдық басталған тұста қазақ көркем сөз өнерінің асыл арналары жайлы мақалалар жиі жарық көрді. Авторлардың қай-қайсысы да оқушысын өсіретін, ізденушіге жол сілтейтін керемет танымдық дүниелер жариялайтын. Солардың бірі – жазушы, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева еді. Жазушының көркем шығармаларын емес, ең алғаш «Жәлеледдин Руми. Мәжнүн жүрек» зерттеуін оқыған екем. Ләйлі-Мәжнүнді қара­пайым ғашықтық трагедиялардың қатарында қабылдап жүрген басымыз керемет бір жаңа әлемге топ ете түскендей болдық.

Кино • 20 Қараша, 2020

Жас дарындарды демейді

Күні кеше Ұлттық киноны қолдау мем­ле­кет­тік орталығы жылды қоры­тын­ды­лап, екін­ші питчинг нәтижесі бойынша кино­өнд­іріске жол тартқан жобалар жайлы хабарлады.

Оқиға • 20 Қараша, 2020

Қырық ғасырлық тарих

Қазақ халқы өзінің ата-бабала­рының жері мен елінде төрт мың жылдан бері тұрақты тұрып жатыр. Мұның физикалық антропологияға негізделген нақты ғылыми тұжырымдардың негізінде ғылыми тұрғыдан толық дәлел­денгені қазақтың тұңғыш антропологы, академик Ора­зақ Смағұлов пен көрнекті ғалым-антрополог Айнагүл Смағұлова­ның «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітабында баяндалады. Бұл еңбекте тұңғыш рет қазақ халқының көпсалалы, кешен­ді морфофизиологиялық және популяция-генетикалық ерек­шелік­тері ауқымды деңгейде зерттелген.

Таным • 19 Қараша, 2020

Мәңгілік мәселелер ілімі

Қай қоғамда, қандай жағдайда өмір сүрсе де дананың аты өлмейді. Келер буын ұрпақтың санасына мәңгі өшпестей із қалдырып, даналық қағидалары қатталып, шотталып, ал ілімі бір шоғыр адамдардың, кейде тұтас мемлекеттің не мемлекеттердің өмір сүру ұстынына айналатыны бар. Ондай мысалдар өте көп болмаса да, әлем тарихында баршылық. Мысалы, Будда, Конфуций, Лао Цзы сынды тұлғалар Үндістан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам т.б Шығыс Азия елдерінде пайғамбарлық дәрежеге көтеріліп, ілімдері дінге айналған жағдайды біз нақты айта аламыз. Соның ішінде әлемдік деңгейдегі ғұлама Конфуцийдің (б.з.б 551 жылы өмірге келген), яғни Кұң ұстаздың іліміне тоқталғымыз келеді.

Әдебиет • 18 Қараша, 2020

Жұмбағы шешілмеген жұмақтай мекен...

Тарихқа көз жүгіртсек, адамзат күні бүгінге дейін соғыстан көз ашпады. Жер бетінде бұрын-соң­ды өмір сүрген елдердің бір-біріне көз алартып, жерін тартып алу, өзіне бағындыру, халқын құл қылу оқиғалары миллиондап саналады.

Әдебиет • 16 Қараша, 2020

Шымдан

Жесір дауы... Ең нәзік, шетін және ескі дау. Тәртіпсіздіктің, күнәнің, құштарлықтың «гүлденуіне» жол бермеу үшін кемеңгер билер үкім айтады, тәртіп бұзғандар дала заңымен жазаланады. Мың жыл бойы солай болған шығар. Ел ішінен қашып шығып, алыстағы, айдаладағы бір туысының ауылына барып жан сақтаған жағдайлар да кездескені мәлім. Көркем әдебиетте бұл тақырып көп шиырланған. Проза тілінде де, поэзия тілінде де. Енді бұған жаңаша қырынан келмесең, алдыңғылардың салған соқпағын таптап, өз ізіңді таппай қалатының анық. Ескі дүниені жаңа мәнермен жазу екінің біріне бұйыра бермейтіні содан.

Әдебиет • 12 Қараша, 2020

Қара сөздің қайнары

Адамзат тарихындағы ең алғашқы прозалық шығармалар туралы ойлана бастағанда ең алдымен еске Геродот түседі. «Тарихтың атасы» атанған осы бір данышпан адам шын мәнінде «грек прозаның да атасы» атануға әбден құқы бар сияқты. Өмірі саяхатпен өткен Геродоттың ең атақты еңбегі «Тарих» бірқатар елдер туралы мәліметтерге бай. Ол Египетте болған. Вавилонды шарлаған. Ұлы далаға келіп, сақтардың тұрмыс-тіршілігін де көзімен көрген. «Тарихтың» жекелеген сюжеттері грек-парсы шайқастарына арналғанымен, тарихшы көбіне өзі барған елдердің географиясы, мәдениеті, этнографиясы мен тұрмысын бейнелеген. Ол көзімен көргенін де, елден естігенін де жазған.

Әдебиет • 12 Қараша, 2020

Белгісіз автордың жазбасы

Авторы белгісіз шығармалар әдебиет тарихында баршылық. Олардың әрқайсысы түрлі себептермен аты-жөндерін көрсетпеген. Нақты бір авторы жоқ, өмір туралы ойлар бедерленген жазба біздің де қолымызға түсті. Байқасақ, дүниетанымы қалыптасу үстіндегі жас адамның жазғаны сияқты...

Әдебиет • 11 Қараша, 2020

Балалар әдебиеті мемлекеттік қолдауға зәру

Қоғамымызда балалар әдебиетіне қатысты атқарылуы тиіс шаруалардың шаш етектен екені анық. Оны авторларды қойып, беделді тұлғалардың өзі тілге тиек ете бастады. Өйткені балалар әдебиеті дегеніміз – жай ғана көркем шығарма емес, идео­логияның өзі. «Еgemen Qazaqstan» газеті бұл жолы балалар тақырыбына қалам тартып жүрген қаламгер Шәкен Күмісбайұлы, фило­логия ғылымдарының докторы, жазушы Нұр­дәулет Ақыш, ҚР Мәдениет қайраткері, балалар жазушысы Толымбек Әбдірайым, балалар жазу­шысы Ділдар Мамырбаева және балалар ақыны Серікбол Хасанды қатыстырып, дөңгелек үстел ұйымдастырған еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз.