Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019

Алматы атауы өзгертілмейді

49 рет көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін өзінің инстаграмм парақшасына Алматы қаласының атауын өзгерту мәселесін қарастырмағандығы туралы жазды. Онда әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ делінген.

Ал бұған дейін жазушы, ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Алматы қаласының атауын өзгерту қажеттігі жайында бастама көтерген болатын. Ол алғашқылардың бірі болып петицияға қол қоюға дайын екендігін мәлімдеген еді.

Бұл мәселеге қатысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде «Қазіргі уақытта біз қала үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз. Жақында қабылданған «Алматы 2050» Стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізудеміз»,   деп жазған.

Алматы қаласының бұрынғы атауын қайтару мәселесін отандастарымыз арасында жиі қозғалатын тақырыпқа айналған көрінеді. Мұндай бастаманы көтеретіндер қаланың ескі атауын алманың сирек түрі - апорттың пайда болу тарихымен түсіндіреді. Ал шаһар атауын өзгертуге қарсы болатындар бұл үшін бюджеттен қосымша шығын кететінін алға тартады.

Соңғы жаңалықтар

Мереке қарсаңындағы марапат

Аймақтар • Бүгін, 16:06

COVID-19: Вакцина бағасы қандай болмақшы?

Коронавирус • Бүгін, 15:13

Алдағы күндері аяз болады

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Елордада STEM олимпиадасы өтті

Аймақтар • Бүгін, 10:30

Пневмонияның 43 жағдайы тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:10

Саңлақтар сыр бермеді

Күрес • Бүгін, 08:28

Білім мен рухани бірлік алаңы

Руханият • Бүгін, 08:23

Ел чемпионатында топ жарды

Спорт • Бүгін, 08:20

Ой түбінде жатқан сөз...

Қоғам • Бүгін, 08:17

Аңыздар айқасы тең аяқталды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:15

Ұқсас жаңалықтар