Қазақстан • 14 Наурыз, 2020

Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды

186 рет көрсетілді

Елімізде Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында тағы екі азаматтан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

«Дәл қазір белгілі болғандай, Алматыда коронавирус індетін жұқтырған тағы бір азамат анықталды. Ол 1958 жылы туған ер адам, жеке кәсіппен айналысады. Ол Алматы қаласына Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде жатыр» деді Диас Ахметшәріп.

Сонымен қатар, елордада тағы бір науқас тіркелген. Әйел адам. Ол Варшава-Нұр-Сұлтан ұшағымен ұшып келген.

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті. Оның 4-еуі Алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында.

 

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар