Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Тасқынға – тосқын

15 рет көрсетілді

Қарғын суға қарсы тұру жұмыстары Солтүстік Қазақстандық ТЖ ерте күннен қолға алынған. Баспасөз қызметінен алынған хабарға қарағанда, олар өздерінің алдына бірінші кезектегі мақсат етіп – тұрғын үйлердің су басуын болдырмауды қойған. Осы мақсатты орындау үшін жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, бірнеше шаралар жасалған.

Бұл шаралар өткен жылдардағы тәжірибелерді, географиялық және климаттық жағдайларды ескерген. Соның ішінде су астында қалу қаупі бар елдімекендер мен көліктік коммуникациялар алдын ала анықталып, оларға қарай ағатын судың көлемін азайту істерінің жоспарлары жасалған. Сол жоспарды іске асыру шеңберінде 100 шақырымдық арналар мен арықтар тазартылыпты. Су сіңуі үшін жиналатын егіс далаларының 1 млн текше метрден артық қары алысқа тасылған. Қазір осындай қауіпті учаскелерге жиналған қар суының  135 мың текше метрі насоспен жан-жаққа жайылуда.

Автомобиль жолдары мен елдімекендердің ішіндегі жолдардың судың ағуына жағдай туғызатын 2870 құралдары тазартылды. Уәлиханов, Айыртау, Тайынша және Ғ.Мүсірепов аудандарында шағын өзендер мен көлдерде сеңнің тұтасып қалуын болдырмас үшін 600 кг жарылыс заттарын қолданып, 4237 шаршы метрге қопарылыстар жасалды. Соның ішінде жарылыс жұмыстары Есілдің Ақанбұрлық, Шарық, және Жембарақ сағаларында өткізілді. Сонымен бірге Айыртау ауданындағы Бабықбұрлық өзенінде жасалды.

Қазір тасқынға қарсы қолданылатын дамбалар жаңадан салынып, ал ескілері жөнделіп жатыр. Оның ұзындығы 20 шақырымнан асты.

Тасқынның қасіретін жою жұмыстарына пайдалануға 211 мың тонна ЖЖС, 42 мың тонна газ, 49 мың тонна қапшықтар қорланған. Табиғаттың кейде адам ойлағаннан басқа әрекеттері де болып кетеді. Ондайлар болмаса биыл Солтүстіктің тасқынға тосқыны дайын тұр.

Солтүстік Қазақстан облысы  

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Мақсат – ауруды ауыздықтау

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Медициналық жабдықтар жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:47

Белсенділігі артып келеді

Саясат • Бүгін, 07:46

Tour de Маңғыстау

Туризм • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар