Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында комиссия мүшелері мен сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқыту және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина ұйым қызметі екі бағытта ұйымдастырылатынын хабарлады. Біріншісі – 2019 жылғы қаңтардан бастап тұрақты кәсіптік негізде жұмыс істейтін аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсібилік деңгейін арттыру болса, екіншісі – оқу-әдістемелік кешендер мен оқыту материалдарын әзірлеу.
Орталық сайлау комиссиясы жол картасы аясында республикалық және өңірлік деңгейлерде сайлау процесіне қатысушылардың әртүрлі санатынан 1000-нан астам адамға 24 оқу шарасын, оның ішінде дәрістер, семинарлар, тренингтер мен вебинарлар өткізген. Сонымен қатар дауыс беру күні сайлауды ұйымдастырушылардың жұмысы туралы фильм дайындалады.
Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев электоралды оқыту сайлау процесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі екенін атап өтті. Сайлау процесіне қатысушылар пандемия жағдайында қашықтан оқытылады.
Отырыста ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін баяндады. Ол БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын іске асыру мақсатында 2017 жылы Орталық сайлау комиссиясы жанынан мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Бүгінгі таңда жұмыс тобының құрамы жаңартылып, оның 15 мүшесінің 9-ы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінен тағайындалды.
«Орталық сайлау комиссиясы Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес мүгедек азаматтарды қоғамдық өмірге бейімдеу жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша, «2019 жылы сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, саяси партияларға және өзге де қоғамдық бірлестіктерге жастардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуы есебінен меритократия, жұмыстағы сабақтастық және жаңару қағидаттарын ескеру; гендерлік теңдікті сақтау; сайлау комиссияларының құрамдарына мүмкіндігі шектеулі адамдарды қосу туралы ұсыныстары ескерілді», деді Е.Дауылбаев.
2019 жылдың қаңтарында сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру кезінде қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша 455 мүмкіндігі шектеулі азамат комиссия мүшесі болып сайланды. Оның ішінде 6 адам облыстық, 12 адам қалалық және аудандық, 432 адам учаскелік сайлау комиссияларының құрамына енді.
2018 жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына алғаш рет мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған нормалар енгізілді. Заң бойынша учаскелік сайлау комиссиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдауы тиіс, бұл ретте жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына осы бағыттағы жұмысқа жәрдемдесуге міндетті. Сондай-ақ жаңашылдық дауыс беруге арналған орынды жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін барлық жағдайды жасауын меңзейді.
Бұл мәселеге қатысты «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Қалтаева пікірін білдірді. Ол өз сөзінде сайлау жүйесі мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне көңіл бөліп отырғанын, соңғы бірнеше жыл ішінде көп нәрсе өзгергенін атап өтті.
Сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасалуы керек екені айтылды. Атап айтқанда, тактильді көрсеткіштер, арнайы компьютерлер, сондай-ақ зағиптар, нашар көретіндер және нашар еститіндер үшін арнайы құлаққаптар, үстелі бар жасырын дауыс беруге арналған кабина, яғни қосымша жарықтандыруы, трафареттері, оптикалық түзету құралдары және өзге де жабдықтар болуы керек.
Алдағы сайлау науқанына дайындық кезінде маусым айында 10 048 сайлау учаскесі тексерілген екен. Нәтижесі бойынша сайлау учаскелерінің 95,6%-ы (9606) бірінші қабатта орналасқан, 83,6%-ында (8113) ғимаратқа кіре берісте пандустар бар. Бұл 79,8%-ының (6473) Құрылыс нормалары мен ережесіне сай екенін көрсетті. Сайлау учаскелерінің 72%-ында (6889) ғимаратқа кіре берісте тұтқалар болса, тек 37%-ында (3597) ғимаратқа кіре берісте тактильді көрсеткіштер бар екен. Ал 372 сайлау учаскесінде немесе 4%-ында арбамен жүретін мүгедектер үшін арнайы лифт жұмыс істейді.
Осыған байланысты Ортсайлауком жергілікті атқарушы органдарға қажетті жағдайлар жасауды ұсынып отыр. Автокөлікке арналған тұрақтар, пандустар, лифтілер, тактильді көрсеткіштер, жасырын дауыс беруге арналған арнайы құралдар орнату қажет. Одан бөлек сайлау учаскелерінде жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің көмегімен сурдоаудармашылар, тифлосурдоаудармашылар тартылуы да мүмкін. Жергілікті атқарушы органдар сондай-ақ сайлау науқаны кезеңінде мәтіндік файлдарды дыбыстық немесе тактильді сигналдарға айналдыратын экран, компьютерлік бағдарламалар мен тифлотехникалық құралдарды арнайы мекемелерден алуға сайлау комиссияларына жәрдем көрсетуі қажет.
Отырысқа саяси партиялардың өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, электораттық оқыту серіктестері мен жоғары оқу орындарының басшылары, бейнеконференцбайланыс режімінде аумақтық сайлау комиссиялары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Кеше
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Кеше
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Кеше
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Украина Ресейден вакцина ала ма?
Әлем • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар