Коронавирус • 26 Қараша, 2020

9 жасар баланың өмірін жалмады

14 рет көрсетілді

20 қараша күні вирустық пневмониядан қайтыс болған 9 жас­тағы баланың өліміне қатысты дәрігерлік тексерістің жү­ріп жатқанын Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бас­қар­масы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров ха­барлады.

11 қараша күні Хромтау аудандық ауруханасына іші ауырып, құсу белгілерімен жат­қы­зылған бала үш күннен соң облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған. Бұл жерде баланың вирустық пневмонияға шалдыққаны анық­талды.

«Коронавирусқа ПЦР-тал­дау нәтижесі теріс болғанын көрсетті. Алайда бала қайтыс бол­ды. Қазір осы бала өліміне байланысты құрылған комиссия тексеруді бастады», деді Б.Ізба­с­аров.

Қазіргі кезде облыстың 44 тұрғыны вирустық пневмо­ниядан ем қабылдап жатыр. Оның 11-і – Қарғалы, Мәртөк, Шалқар, Хромтау ауданының тұрғындары. Екі апта бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырған мектеп оқушысы анықталған Шалқар ауданындағы Қорғантұз орта мектебі, Ақтөбе қаласындағы үш балабақша да карантинге жабылды.

Облыстық сани­тариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева өңірде эпидемиялық жағдай тұрақты болғанымен, жұрт­шы­лық карантин талаптарын сақтамаса, жағдай әп-сәтте өзгеруі мүмкін екенін хабарлады. Өйткені тек соңғы тәулікте ғана облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 жағдай тіркелді. Оның бесеуі – Ақтөбе қаласының, екеуі – Мәртөк, біреуі Алға ауданының тұр­ғындары. Карантинге қа­рамастан, шекарадағы жолау­шылар ағыны толастамай отыр. Мәселен, 6 қарашадан бері Қарғалы ауданындағы «Әлімбет» санитарлық-өткі­зу бекетінен Ресей Феде­рация­сынан әрлі-берлі 7 893 адам, Мәртөк ауданындағы «Жайсаң» бекетінен 19 205 адам өткен. Бұлардың ішінен 27 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың 12-сі транзиттік көлік жүргізушілері болып шықты. Осы уақытта коронавирус инфекциясына тексерілген ПТР-анықтамасы болмаған 14 ресейлік азамат еліміздің шекарасынан кері қайтарылған.

 

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар