Қоғам • 30 Қараша, 2020

Шымкент гарнизонының әскери бөлімінде кешенді практикалық сабақтар өтті

12 рет көрсетілді

Шымкент гарнизонының әскери бөлімінде әскери қызмет қауіпсіздігі талаптарын зерделеу бойынша кешенді практикалық сабақтар өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сабақтар жеке құрамды, бірінші кезекте жас буынды, өзінің қызметтік міндеттерін орындаудың қауіпсіз тәсілдерін, қару-жарақ пен техникаға қызмет көрсету кезінде оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ манекендер мен макеттерде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың нақты салдарларын көрсету үшін өткізілді. Жеке құрам сабақ бағдарламасын толық меңгере алатындай 12 оқу орны жабдықталды.

Оқу орындарында әскери қызметшілерге әскери техниканы пайдалану, қару-жараққа қызмет көрсету ережелерін, улы заттарды пайдалану кезіндегі сақтық шараларын, қарауылда қызмет өткеру кезінде және атыс даярлығы бойынша сабақтар барысында қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсетуді көрнекілеп көрсетті және түсіндірді. Барлық теориялық бөлім қару-жарақ пен әскери техниканың нақты үлгілерінде практикалық көрсетілді.

Сондай-ақ, әскери қызметшілерге жарылғыш заттар мен оқ-дәрілердің негізгі сипаттамалары және олармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы айтылды.

Сабақ қорытындысында ерекше назар алғашқы медициналық көмекке аударылды. Санитарлық нұсқаушы әскери қызметшілерге түрлі жарақаттар мен өмірге қауіп төнген кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін еске салды және санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік ережелері мен өз денсаулығын бақылау туралы тағы да айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар