Қоғам • 30 Қараша, 2020

Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

20 рет көрсетілді

ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы "Жамбыл" шекара бөлімшесінің учаскесінде елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай 24 қараша күні ҚР азаматы Т. өзінің достары ҚР азаматтары, Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырған. Аталған адамдар тобы 3 автокөлікпен 6 дана елікті атқан. Көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылған.

Ұсталғандар іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды.

Айта кетейік, Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша жүргізіледі. Аналықтар әдетте 9 айда өте әдемі, терісінде дақтары бар екі текшені өмірге әкеледі. Олардың өмір сүру ұзақтығы 12 жыл.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар