Коронавирус • 30 Қараша, 2020

Алдын алмаудың салдарынан Covid-19 жұқтыру әбден мүмкін

17 рет көрсетілді

С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева онлайн-сұхбат барысында коронавирустың көбеюі көп жағдайда профилактикалық шаралардың сақталмауы салдарынан болады деп атап өтті. Яғни, бұқаралық шаралар, әлеуметтік арақашықтықты сақтамау және бетперде кимеу ауыр зардаптарға соқтырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймаққа енді. Сарапшылар инфекцияның күрт артуын карантиндік шаралардың босаңсуымен байланыстырады.

«Қыркүйек-қазан айларында коронавирустық инфекцияның қалада төмендеуі тұрғындардың босаңсуына ықпал етті. Сауда орталықтары мен саябақтардың жұмыстарын қайта жаңғыртуы дерттің күрт өсуіне  әкелді. Сонымен қатар, суық түсіп, вирустың сыртқы ортада сақталуы мүмкін болды, ал бұл жағдайды күрделендіре түседі», - деді Р. Егембердиева.

Сарапшылардың бақылауы бойынша, жұрттың басым бөлігі әлі күнге дейін коронавирустың бар екеніне сенбейді, соның салдарынан профилактикалық шараларды елемейді. Кейбіреулер тіпті дәрігерлер сандар мен деректерді асырып көрсетеді деген сенімде.

«Бірақ, өкінішке орай, коронавирустық инфекция бар және оның зардабы өте ауыр. Сонымен қатар, бұл дертті жұқтырған кез-келген адамда ауру асқынуы мүмкін. Ахуалдың күрделі екенін түсінгенде ғана адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі артатын болады», - деп есептейді спикер.

Р. Егембердиеваның айтуынша, созылмалы аурулары бар қарт адамдар ауруханаларға жиі түседі.

«Негізінен науқастар үйден шықпадық дейді. Ал, оларға сақтық шараларын елемеген отбасының жауапсыз мүшелері мен туыстары инфекция жұқтырады. Әрине, қарт адамдар ауруға төтеп бере алмай, қайтыс болулары әбден мүмкін», - деді спикер.

Р. Егембердиева бүгінгі күні де профилактикалық шараларды қатаң сақтау коронавирусқа қатысты ұсыныстардың ең маңыздысы екенін атап өтті. Олар: бетперде тағу, қолғап кию, дезинфекция құралдарын қолдану. Жабық кеңістікте әлеуметтік қауіпсіз арақашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар