Соңғы апталарда шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты дау-дамай қыза түсті. Дәлірек айтқанда, Ішкі істер министрлігінің жаңа талабы әртүрлі пікірге арқау болды. Бұл тәртіпке сәйкес, Қазақстанға сырттан әкелінген темір тұлпарды 10 жұмыс күні ішінде тіркеу қажет. Бұлай болмаған жағдайда, тіркелмеген көлікті тізгіндеген азаматтарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, уақытша тұрақ аумағына қойылады. Жаңа ереже Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан әкелінген көліктерге қатысты енгізілді.

90 мыңнан аса заң бұзушылық тіркелген
Ведомствоның дерегіне сенсек, қазір елімізде аталған мемлекеттерде тіркелген 170 мыңнан аса көлік жүйткіп жүр. Сол 170 мыңнан аса автоқұралдың иелері тәртіп сақшыларының бұл шешіміне келіспей, наразылықтарын білдірді. Әсіресе, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе және Оралда жүздеген жүргізушілер мемлекеттік органдарға күшіне енген ереженің талаптарын жеңілдетуді сұрайды.
Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде армениялық және қырғызстандық көліктерді пайдалануға байланысты қатаң шектеулер бар. Ведомствода хабарлағандай, 2014 жылдан бастап 2020 жылдың 1-қаңтарына дейін аталған елдерде тіркелген автоқұралды кедендік баж және салық төлемей тек сол мемлекеттің азаматтары ғана Қазақстанға уақытша әкелуге хақылы. Егер де қазақстандықтар өз атына көлікті ел аумағынан тыс жерде тіркесе, оны сатып алғаннан кейін Қазақстанда 10 жұмыс күні ішінде барлық қажетті алымдар мен баж салығын төлеп тіркеуі тиіс.
«Белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөлікті жүргізгені үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл салу және ұстау себептерін жойғанға дейін көлікті айыппұл тұрағына қою қарастырылған. Осындай жауапсыздық салдарынан жүргізушілердің кінәсінен 1854 жол-көлік оқиғасы орын алып, 132 адам қаза тапқан. 500-ден астам адам жарақат алды», делінген таратылған ақпаратта.
Құқық қорғаушылар 2019 жылы шетелдік көліктердің қатысуымен 90 мыңнан аса жол қозғалысы ережелері бұзылғанын атап, айыппұл көлемі 1 млрд теңгеден асқанын айтады. Айыппұлдың дені жылдамдық режімін асыру, сондай-ақ жол белгілері талаптарын сақтамау сынды құқық бұзушылыққа қатысты.
«Мұндай автокөлікті пайдалану фактілерінің жолын кесу үшін полиция кеден және салық органдарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізеді. ІІМ басқа мемлекеттердің аумағында автокөлік сатып алған Қазақстан азаматтарын тіркеуден өтіп, кедендік реттеу және жол қозғалысы саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеуге шақырады», деп қорытындылады ІІМ баспасөз қызметі.
Шетелдік көліктердің бағасы арзан
Қош, сонымен жаңа тәртіптің енгізілуіне автокөлік иелері неге қарсы? Мұны өздерінен сұрап көруді жөн санадық. 20 жылдық жүргізушілік тәжірибесі бар елордалық Асан Мыңбаевтың пікірінше, барлық мәселе баға мен сапада болса керек. Ол барлық азаматтардың бірдей Қазақстанда жинақталатын темір тұлпарды сатып алуға қалталары көтермейтінін, сол себепті жылжымалы мүлікті сырттан алуға тура келетінін айтады.
– Ресей мен Арменияны мысалға алайық. Былай қарасақ, аталған елдерде сатылатын көлік Қазақстанда да бар. Бірақ бағасында айтарлықтай айырмашылық байқалады. Мәселен, қазақстандықтар арасында сұранысқа ие 2007-2008 жылғы көлемі 2,5 литрлік Toyota Camry елімізде 4,5 – 5,2 млн теңге шамасында сатылады. Ал жоғарыдағы елдерде әрі кетсе 3 – 3,5 млн теңгеге табуға болады. Жасыратыны жоқ, шығарылған жылы ескі болғанымен сапасы бізде жинақталатын жаңа көліктерден әлдеқайда жақсы. Қазақстанда құрастырылатын көліктердің бағасы тым қымбат және өзінің құнына татымайды. Жеңілдіктер қарастырылмаған. Сапа туралы айтудың өзі артық. Кейін өзіндік құнына сата алмайсыз. Жаңа ережеге келсек, құны 3 млн теңге болатын көлікті елімізде рәсімдеу үшін кедендік және басқа да салықты қоса есептегенде екі есе қаражат төлеуге мәжбүр боласыз. Бұл үлкен шығын, – деді астананың тұрғыны.
Осыған ұқсас пікірді көптеген жүргізушіден естіген соң қайталап келтіруді жөнсіз деп таптық. Бұл ретте еліміздегі ірі автокөлік нарығына айналған kolesa.kz сайтына кіріп, баға мен шаманы талдап көрдік. Атап айтқанда, бас шаһарда Арменияда яки Ресейде тіркелген жоғарыда айтылған жапондық көлікті 3,3 – 4 млн теңгенің айналасында сатып алуға болады екен. Ал тіркеуден өткен мұндай жеңіл көліктің бағасы 5 млн-нан бастап 6 млн теңгеге дейін жетеқабыл. Еліміздің басқа да аймақтарында бұл баға шамалас. Десек те министрліктің бастамасын қолдап жатқандар да жоқ емес.
– ІІМ-нің шетелдік нөмірлі көліктерге байланысты шешімін құптаймын. Олар да біз сияқты заңға бағынуы керек. Қазір бұл көліктерді «Сергек» камералары түсірмейді екен. Себебі көлік құралы елімізде тіркелмеген, салық, айыппұл төлемейді. Министрліктің дерегі бойынша, елімізде бұл көліктердің қатысуымен 1854 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олар неге осылай жүруі керек? – деп жазды Динара есімді әлеуметтік желі қолданушысы.
Бұл қадамға саналы түрде барды
Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та «Ашық диалог» хабарында пікірін білдірді. Министрдің сөзінше, көлік иелері осылай болатынын біле тұра мұндай қадамға саналы түрде барды деп санайды.
– Шетелдік көлікті сатып алған адамдар, тек барлық кедендік рәсім мен салықтарды төлегеннен кейін ғана автоқұралды пайдалануға рұқсат берілетінін жақсы біледі. Соған қарамастан олар бұл қадамға саналы түрде барып, көліктерді елімізге әкелуді жалғастыра берді. Автокөлік жоғары қауіпті құрал екенін жақсы түсіну қажет. Сәйкесінше, оның иесі де болуы міндет. Бүгінде көптеген жүргізуші жауапсыздық танытып, жазадан құтылып жатыр. Жол-көлік оқиғасы орын алған жерден ізін суытып, жол қозғалысы ережелерін қорықпай бұзып келеді. ІІМ-нің мәліметінше, осындай жүгенсіз жүргізушілердің кесірінен 132 адам қаза тапты. Тағы бір факті, мұндай көліктің дені кепілдікте не болмаса іздеуде тұрады. Егер де ертең осы автокөлік иелеріне сот орындаушылары келіп жатса, заңға сәйкес жылжымалы мүлікті тәркілеуге олар толық құқылы. Бір қызығы, бұл жағдайда қазақстандық жүргізушілер әділдікті өз мемлекетінен іздеп, неліктен біз оған жол бердік деп өзімізден талап ететіні күмәнсіз, – деді Д.Абаев.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің есебінше, көрші Ресей Федерациясынан Қазақстанға шамамен 150 мыңнан астам көлік әкелінген. Армениялық көліктің саны 25 мыңнан асып жығылса, Қырғызстаннан 15 мыңнан аса темір тұлпар сатып алынған.
Әкімшілік полиция комитеті автокөлікті алмас бұрын азаматтарды күмәнді мәмілелерден, сол секілді Қазақстанда тіркеуге келмейтін көліктерді иеленуден сақ болуға шақырады. Бұл тізімге басқару рүлі оң жақта орналасқан және Еуро-4 экологиялық талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктер кіреді.
Мамандар бұл өзгерісті уақытша науқанға топшылап отыр. Тәуелсіз автокөлік одағы тәртіп сақшылары бұған дейін де қырғызстандық көліктермен күресіп, соңында барлығы тынышталғанын айтады. Дегенмен бұл жолғы талап жолдағы апаттардың көбеюімен немесе басқа да құқық бұзушылықтардың белең алуымен де байланысты болуы мүмкін. Сондықтан сарапшылар аталған көлікті алған елдеріне қайта сатып не болмаса бекітілген тәртіпке бағынуға кеңес беріп отыр.
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Бүгін, 14:05
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Спорт • Бүгін, 13:28
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 12:24
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар