Әлем • 13 Наурыз, 2020

Анкарада Мағжан Жұмабаевтың шығармалары таныстырылды

60 рет көрсетілді

Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің және ЭкоЕуразия қауымдастығының ұйымдастыруымен «Түркістаннан Анадолуға Мағжан Жұмабай» атты жиын өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақcтанның табиғи көркемдігін суреттейтін көрмемен басталған аталмыш шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, ТҰҰМ мәжіліс депутаты, бұрынғы премьер-министрдің орынбасары Йылдырым Туғрул Түркеш, Кечиорен муниципалитетінің мэрі Тургут Алтынок, Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университеті өкілетті кеңесінің төрағасы проф. Муса Йылдыз, ЭкоЕуразия төрағасы Хикмет Эрен, Еуразия жазушылар одағының төрағасы доц. Якуп Өмероғлу және ақын-жазушы Али Акбаш, Анкара Хаджы Байрам Уәли университетінің оқытушысы проф. Хулия Хасапоғлу Ченгел, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер,Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара ЭкоЕуразия қауымдастығының төрағасы Хикмет Ереннің алғы сөзімен ашылды. Хикмет Ерен Мағжанның шығармаларындағы ойлардың маңыздылығын және қазіргі таңдағы да өзектілігін атап өтті. Өз сөзінде, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақтың ұлы зиялысы, түркі әлеміне ортақ ақын, Түркістанның көрнекті өкілі саналатын Мағжан Жұмабайдың ондаған жыл бойы қуғында және түрмелерде өмір сүруге мәжбүр болғандығын атай отырып, Мағжанның шығармалары мен ойлары мәңгі есте сақталатындығын атап өтті. Хикмет Ерен, Мағжанның түркі халықтарының тегі бір тұтастығы мен бірлігі туралы ойларының астын сызып, сөзін Зия Гокальптің «Отан дегеніміз түріктерге Түркия емес, Түркістан емес отанымыз, байтақ және бірге мәңгі өмір сүретін еліміз ол – Тұран» деп жалғастырды.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы алғы сөзінде қазақ халқыныңкөрнекті өкілі, мемлекеттік қайраткер, жарық жұлдыз-ақыны Мағжан Жұмабайдың «Түркістан», «Алыстағы бауырыма», «Жер жүзінде», «Пайғамбар» өлеңдеріне назар аудара отырып, түркі халықтарының тегі бір тұтастығы мен бірлігін жалынды жүрегімен жырлаған тұлға екендігін атап өтті. Елші А.Сапарбекұлы, «Ұлт жүрегінің символы іспетті Мағжанның ойы да, сөзі де, оттай маздаған, қорғасыннан құйғандай кесек-кесек» деп, ақынның «Біз айтып жүрген шығармашыл интеллигенцияға шындық пен турашылдық жетпейді Ал шындық пен ақиқат болмаған жерде, еркіндік пен тәуелсіздік болмайды. Біз жалған дүниені өзіміз жазғанымызбен қоймай, жұртты соған үйретіп жатырмыз. Жалған нәрсе жарға жығады, өтірік ешкімге абырой әпермейді. Ең қауіптісі – арсыздық. Егер ұлттың ар-ожданы сақталса, ондай халық пен ұлтқа мына әлемде ешқандай да қауіп төнбейді» сөзін мысалға келтірді. Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі ақынның өлең жолдарындағы философиялық-психологиялық сипаттарға кемелдігімен өзгешеленетіндігін баса айтты. «Түрік баласы өзінің ата-бабасын білген сайын үлкен істерге күш салады» деп Ататүріктің сөзінен үзінді айтқан Елші, түркі халықтарының бірлігі үшін жанын пида еткен тұлғаның түрік елінде де кеңінентаныстырылуы керек екендігіне тоқтала отырып, «Мағжан қаламымен түркі халықтарын бір шаңырақ астына жинады» деп сөзін жалғастырды.

Аталмыш шара Түрік тілі ұйымы ғылыми комитетінің мүшесі, Анкара Хажы Байрам Вели университетінің аға оқытушысы, проф. док. Хулия Касапоғлу Ченгельдің Мағжан Жұмабаевқа арналған кең көлемді баяндамасымен өз жалғасын тапты. Профессор өз баяндамасында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанда рухани құндылықтарымыздың қайта жанданып келе жатқандығына тоқталып, қазіргі қазақ әдебиетіндегі лиризм және де бұл ағымның Мағжан Жұмабаевпен басталғандығын атап өтті. Сонымен қатар, Әлихан Бөкейхан бастатқан Алаш қозғалысының маңыздылығы туралы сөз қозғады. Мағжанның Алаш қозғалысының қайраткері ретінде, қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрескендігін тілге тиек етті. Хулия Касапоғлу Ченгель Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталды. Баяндамасында, Мағжан мен түрік ақындарының өлеңдерін салыстырып, ұқсастықтарына талдау жасады.

Бағдарлама соңында қазақ және түрік жастары ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шарадан кейін ұлы ақын Мағжан Жұмабайдың өлең-шығармаларын түрік тіліне аударған ақын Али Акбаш шығарған «Алыстағы бауырыма» кітабы қол қою рәсімі өтіп, аталған туынды автор тарапынан тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Мақсат – ауруды ауыздықтау

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Медициналық жабдықтар жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:47

Белсенділігі артып келеді

Саясат • Бүгін, 07:46

Tour de Маңғыстау

Туризм • Бүгін, 07:43

Сүйікті астана суреттері

Елорда • Бүгін, 07:10

Ұқсас жаңалықтар