«Атыңнан айналайын Қарқаралы, сенен бұлт, менен қайғы тарқамады», дейді Мәди. Жалпы, көркем әдебиетте мұң басқан көңіл, халық басындағы қайғылы жағдай көк жүзін тұтып алған қалың бұлтқа теңелетіні белгілі. Өйткені аспанды бұлт торлағаны адамның көңіл күйіне де әсер етеді. Жарқ етіп бұлт астынан күн шықса, көңіл де көтеріліп сала береді.

Дегенмен табиғатта бұлттың рөлі бөлек. Ол негізгі ылғал таратушы көздердің бірі болып есептеледі. Бұлт жаңбыр әкеледі. Егер бұлт болмаса, онда мұхиттар мен теңіздердің бетінен күн сәулесінің қуатымен пайда болған бу мен ылғал жер бетіне тарамас еді. Адамдар көп жағдайда ылғалды, тіршілік нәрін өзендер таратады деп есептейді. Бұл да рас. Бірақ ылғал таратуда бұлттың маңызы өзендерден артық болмаса, кем емес. Яғни оны да өзен деп есептеуге болады. Бірақ ол, бейнелеп айтатын болсақ, аспандағы өзен.
Бұлт жер бетінің кез келген түкпіріне барып жауа алады. Өзенде ондай мүмкіндік жоқ. Бұлттар мұхиттар мен теңіздерде пайда болған буды шоғырландыра отырып, құрлықтарға жеткізсе, көп жағдайда құрлықта пайда болатын өзендер ылғалды мұхиттар мен теңіздерге апарып қайта қосады. Жер планетасындағы су айналымы осылайша пайда болады. Мәселен, бастауын Қытайдың таулы алқаптарынан алып, Қазақстан даласын көктей өтетін ұлы Ертіс өзенінің суы Обь арқылы мұхитқа дейін жетіп жатыр.
Құрғақшылығы басым даламызға бұлтпен келетін жаңбырдың да мән берер қасиеттері көп. Бұл жайында Уикипедияда: «Зерттеулердің нәтижесі бойынша, жер бетінен секундына 16 млн тонна су буланып ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 трлн тоннаны құрайды. Дәл осы мөлшер бір жылда жер бетіне жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады. Яғни су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте өзгеріс туа қалса, әлемде үлкен экологиялық ауытқулар белең алып, тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғуы да бек мүмкін. Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек оның мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар жерге түсу жылдамдығынан да байқалады. Жаңбыр бұлттары ең аз дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен құласа, жерге 558 км/сағат жылдамдықпен келіп түсер еді. Алайда жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары қандай биіктікте болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орташа алғанда 8-10 км/сағаттан аспайды» деп жазылған.
Сондай-ақ Жердегі су айналымына бұлт және жаңбырмен қатар жер бетінде өсіп тұрған өсімдіктердің, жер асты суларының да қатысатынын айтуымыз керек. Жерге жауған жаңбыр мен өзен сулары әсерінен өсіп шыққан өсімдіктердің барлығы өздерінен ылғал бөледі. Әйтпесе таңертең шөп басына шық тұнбас еді. Жер астына тамырларын терең жіберетін ірі өсімдіктер жер асты суларын тарту қабілетіне де ие.
Қатері мол деп жарияланса да неліктен осы уақытқа дейін Алматыда жер сілкінбей келеді? Мұның себебін гидрогеолог, ҰҒА академигі Уфа Ахметсафин түсіндірген екен. Ғалымның айтуынша, Алматы тау арасында орналасқандықтан көшкен бұлтты тау ұстап қалады да, Алматыға жаңбыр көп жауады. Ол жер астына су болып еніп, жер асты сулары әбден толған кезде жердің беткі қыртысына қысымды күшейтеді. Алайда Алматыдағы жер асты суларының кейінгі жылдары халық шаруашылығына кеңінен пайдаланылуы бұл қауіпті сейілткен.
Міне, осы әңгіменің бәрі табиғаттағы бұлт қызметінен шығып отыр. Әрине бұлт өздігінен қозғалысқа келмейді. Оны ауа қысымы айдайды. Оны біз жел деп атаймыз. Кезінде Асан қайғы бабамыз «Ерейменнің құты жерінде емес, желінде екен» дегенде желдің ылғал, яғни бұлт айдап әкелгіш қасиетін айтқан болар-ақ. Оның үстіне Қазақстанда алғашқы жел электр стансасы да осы Ерейментау баурайында салынғанын білеміз. Осының бәрі бабаларымыздың көрегенділігін, табиғат сырларын жақсы білгендігін дәлелдесе керек.
Дәл қазір халқымыздың басындағы жағдайды да қалың бұлтқа теңесек, артық емес. Халық коронавирус індетінен ерекше зардап пен уайым шегуде. Бірақ «бір жамандықтың бір жақсылығы болады» дегендей бұлт секілді төніп келген бұл індет халық бойында бодандық пен арттақалушылық салдарынан ғасырлар бойы жабысқан кейбір кеселдерді де жаңбырдай шайып әкететіндей көрінеді де тұрады. Лайым, солай болғай!
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
Ұқсас жаңалықтар