Коронавирус пандемиясы басталғалы арақашықтық сақтаудың өзектілігі арта түсті. Әсіресе мемлекеттік мекемелерге, дәріханаларға, кассаға, қысқасы халыққа қызмет көрсететін орындарға кезекке тұру мәдениетін қатаң ұстану қажет. Өйткені жер-жаһанды жайлаған вирус адам таңдамайды, әлеуметтік жағдайға да, киген киімге де қарамайды.

Өкінішке қарай, індет өршіп тұрса да, халық арасында кезекке тұруға, арақашықтық сақтауға мән беріп жүргендер сирек. Таяуда буы бұрқыраған күлше алмақшы болып, тандыр нан сататын жерге барған едік. Алдында бір топ адам жиналып қалыпты. Алайда арақашықтық сақтап, бетперде кию қажеттігі бәрінің есінен шыққан сыңайлы. Тандыр нан сататын орынның алдында үймелеп тұр. Кезекке тұрып, рет-ретімен алу ешкімнің ойына кіріп-шығар емес. Әйтпесе тандыр нан бәріне жетеді. Бұл бір ғана мысал. Күнделікті өмірде мұндай жағдайдың талайын көріп жүрміз.
Қазір заман бұрынғыдай емес. Тауар да, азық-түлік те жеткілікті. Кеңес өкіметі тұсындағыдай сапалы тауарға ұзын-сонар кезекке тұрып, күн ұзақ күтудің қажеті жоқ. Ақшасын шытырлатып санап берсең, қалаған затыңды сатып алуыңа болады. Тіпті жеткізу құнын төлесең, есігіңнің алдына дейін әкеп беретін қызмет те бар. Десек те, кез келген жерге бара қалсаң, үймелеген адам, кезекке таласқан халық.
Кезек туралы әңгіме айтылғанда Ұлыбритания еске түседі. «Тұманды Альбионның» халқы нені болса да күн ұзақ күтуден жалықпайды. Тіпті бұл үлкен мәдениетке айналып, ағылшындардың шайы, Биг-бені мен патшайымы секілді әлемдік бренд саналады. Бір қызығы, «Тұманды Альбионға» бара қалған кез келген турист те оны қатаң сақтанады.
Айтпақшы, Ұлыбритания халқының кезекке тұру мәдениеті ғалымдардың зерттеу объектісіне айналғалы қаша-а-ан! Бұл туралы көптеген ғылыми жұмыс жазылды. Мамандар бұл дәстүрдің қалыптасуы мен шығу тегіне үңіліп көрді. Сөйтсе, ағылшындардың кезекке тұру, оны қатаң сақтау мәдениеті бертінде, дәлірегі «Өндірістік революция» кезінде қалыптасқан екен.
Өткен ғасырдың басында Ұлыбританияның әлеуметтік жағдайы тұрақсыз, экономика негізінен қара жұмыс күшіне тәуелді болғаны белгілі. «Өндірістік революцияның» басталуымен бүкіл салада адамды техника алмастырып, шалғай елді мекеннің тұрғындары қалаларға көшкен. Ағылшын қоғамында әлеуметтік өзгеріс басталады. Тауар өндіруге техника жұмылғаннан кейін сөрелердегі сапалы тауар да артып, оларды бұрынғыдай лордтар мен графтар ғана емес, қарапайым тұрғындар да сатып алуға мүмкіндік туады.
Сөйтіп, ағылшындар дүкендер мен сауда орталықтарына кезекке тұра бастайды. Мұндайда халық та, билік те кезектің сақталуына ерекше мән береді. Кейін заман түзелген соң да, олардың бұл үрдісі жалғаса береді. Осылайша бұл үлкен бір мәдениетке айналып, әлемге әйгілі дәстүр ретінде қалыптасты. Бүгінде ағылшындар кезекке тұруымен мақтанады. Мұны Ұлыбританияның жоғары оқу орынында оқып жүргенде талай мәрте көзбен көрдік.
Кезекке тұру – Кеңес өкіметі тұсында да болған. Дүкенге жаңа тауар келіпті дегенді естіген жұрт күн ұзақ күтуден шаршамайтын. Тіпті қара нанның өзін талон арқылы кезекпен алғанын ата-анамыз әлі күнге жыр қылып айтады. Яғни кезекке тұрып, оны сақтау біз үшін де жат емес еді...
Тәуелсіздік алғалы кезекке тұру күшейе түсті десек қателеспейміз. Баланы балабақшаға беру, мектепке беру, дәрігерге көріну, банкоматтан ақша алу, тұрғын үй алу мәселелерін, тағы басқаларды кезекке тұрмай шеше алмаймыз. Қысқасы, бүкіл салада кезекке тұру мәселесі бар.
Бір өкініштісі, кезектің сақталуына мүдделілер аз. Мақаламыздың басында қарапайым тандыр нанға кезектің сақталмайтынын айттық қой. Мұндай ахуал басқа салаларда жетерлік. Балабақша кезегін, тұрғын үй кезегін ілгері жылжыту үшін пара ұсыну секілді оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп, біліп жүрміз. Пысықайлар басқалардың құқығын аяққа таптағанына қарамастан, мүмкіндігінше тірлігін тез бітіруге, өзінің арбасын судан жылдам өткізіп алуға құмар.
Қорыта айтқанда, жоғарыда айтқан ағылшындар да, Кеңес өкіметін көрген біздің қоғам да кезекке тұрудың бейнетін бір адамдай көрді. Бірақ «Тұманды Альбионда» кезекке тұру мәдениеті сақталса, біздің елде «кезекті бұзу мәдениеті» қалыптасып барады...
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
Ұқсас жаңалықтар