Адам баласы бұл өмірге бір-ақ рет келетіні және оның өмірі дәл сол қалпында екінші рет қайталанбайтыны мәлім. Бұл да бір дүниені жаратқан Алланың ұлылығы мен шеберлігінің, әділдігінің белгісі болса керек.

Біздің дүниені тануымыз бойынша, мейлі патша бол, мыңды айдаған бай бол, ерекше жаратылыс иесі бол, бәрібір бұл өмірге екі қайтып келе алмайсың. Өмір – әр жан иесіне бір-ақ рет берілетін мүмкіндік.
Дегенмен, кейбір данышпандардың пайымына салсақ, Алла тағала өзінің кейбір сүйікті пенделеріне бір жаратылыста екі өмір сүру нығметін сыйлауы мүмкін. Яғни қиялы бай, ойы ұшқыр, абстрактілі көру қабілеті жоғары адамдар бір өмірдің ішінде екі өмірді бастан кешуі ғажап емес. Көп жағдайда мұндай қасиетке аса ірі ғалымдар мен жазушылар, шығармашылық иелері, басқа да өнер адамдары ие болмақ.
Жаратқанның шеберлігі мен әділдігінің тағы бір айқын көрінісі – мұндай адамдар бірінші, яғни нақты өмірінде материалдық игіліктерге мұқтаж, алаңғасар, қаперсіз, икемсіз, тіпті сырт көзге жалқау адамдай көрініс берсе, екінші өмірінде өте бақытты және ләззатпен өмір сүреді. Сондықтан бұл адамдар өзінің бірінші өміріне аса көп мән бере бермейді. Олардың барлық ішкі қуаты екінші өміріне қарай бағытталады. Өзінің ішкі әлемімен алысып өмір сүретіндіктен, жалғыздықтан көп жапа шеге қоймайды. Олар атақ пен даңқты, қоғамды құрметтейді, бірақ адамдарға аса мұқтаж емес. Олардың барлық қызығы өз ішінде.
Студент кезімізде бізге әдебиет теориясынан қазақтың атақты ақыны Қадыр Мырза-Әлі ағамыз сабақ берді. Ұстазымыз әлемге әйгілі ұлы суреткерлердің шығармашылық лабораториясы туралы әңгіме шерткен кезде олардың былайғы жұрт түсіне бермейтін кейбір қылықтары туралы да айта кететін. Соның ішінде француздың ұлы жазушысы Оноре де Бальзактың кедейлік салдарынан шатырда тұрғанын, қала көшесінде қыдыруға түн ішінде шығып, өз кейіпкерлерімен күбірлеп сөйлесіп жүретінін, тәулігіне 15-16 сағат жазу жазғанын, 100 том кітап жазуды мақсат еткенін әңгімелегені есімізде. Жуықта фейсбуктен ақын қарындасымыз Жәния Ералиева орыс тілінен аударған Бальзактың «Суреткерлер туралы» («О художниках») деген шағын мақаласына тап болдым. Онда жазушы былай деп жазыпты: «Талантты адам халықтың арасынан шығады. Олардың қоғамға жат екі түрлі қылықтарын көп адамдар түсінбейді: біріншіден, Ришельенің айтуынша, олар жағымпазданып күн көре алмайды және дүниеге қызықпайды, байлықтың артына түспейді, ақшасы болса, жұмсап тауысқанша асығады. Оларға көп жағдайда тұратын орын және жейтін нан (чердак да хлеб) ғана қажет. Ал данышпандығы – мәңгілікке берілген сыйлық. Талантты адамдарды күніне он рет көрсеңіз де қарапайым болып көрінеді. Дүниесі түгел адамдар олар туралы дүкенде артельші болып жұмыс істеу ғана қолынан келеді деп ойлайды. Шын мәнінде, ойды меңгерген адам – әлемнің әміршісі. Патшалар халықты белгілі бір мерзімде ғана басқарады, ал суреткер халықты ғасырлар бойы басқарады. Олар заттардың бет-бейнесін өзгертіп, жер шарына тәртіп орнатады».
Мен көрген ерекше талантты, дарынды адамдар арасында еліміздің шығыс өңірінен шыққан атақты сазгер Оралхан Көшеров те осы сипаттағы адам еді. Абаш Кәкенов, Уәлихан Тоқпатаев, Хасен Закариянов, Мұрат Тастағанов, Жанарбек Білімбаев және басқа да шығыстың біраз азаматы Орекең марқұммен жақсы дос болдық. Орекеңнің сырын осы азаматтар жақсы біледі. Онымен дос болу күрделі әрі оңай еді. Күрделі болатыны – Орекеңнің қасында жүргенде өзіңді үнемі демеуші немесе қайырымдылық қорының басшысы секілді сезінуге тура келеді. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында кімнің шекесі шылқып тұрды дейсіз. Ал жеңіл болатыны – марқұмның өте қарапайымдылығы, ақкөңілділігі. Қолына бірдеңе түссе, дереу шашады. Қасында болсаң, бірден басыңа жұмақ орнатады. Ертең де күн бар-ау деп үнемдеу онда болған емес.
Оралханның небір тамаша әндері халқымызға әлі толық жеткен жоқ. Себебі оның әндері әншіні талғайтын, ішкі толғаныстар мен иірімге бай кінәз әндер. Халық арасында оның Жанар Айжанова шырқаған «Достарым» атты әні ғана кең таралды. Гүлмира Саринаның орындауындағы «Қайырлы таң», «Шығысым – шырайым» және басқа да әндері енді танылып келеді. Марқұм Орекеңнің арамыздан ертерек кетіп қалуына өзінің бірінші өмірінен гөрі екінші өмірін көбірек бағалауы әсер етті ме деп ойлаймын. Дегенмен ол осы екінші өмірі арқылы халықтың ортасында жасай бермек.
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Ұқсас жаңалықтар