Біз әдетте адамзаттың даму кезеңдерін айқындау үшін оның тарихын қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік қоғамдарға бөлеміз. Бұл қоғамдарда адамзаттың алдына әртүрлі мақсаттар қойғаны, сол мақсаттар үшін күрескені байқалады.

Мәселен, қауымдық құрылыстың басты мақсаты, біздің ойымызша, аман қалу үшін күресу болған. Сол үшін адамдар бас қосып бірігіп, қауым құрады. Әйтпесе жалғыз адам өзіне қарағанда әлдеқайда қуатты жыртқыш аңдардың жеміне айналуы әбден мүмкін еді. Сол тұста адамдардың негізгі тіршілік көзі табиғи өсімдіктер теру мен аң аулап күн көру болды. Адамдар ақырында өздеріне берілген ерекше қасиет – ақыл мен сана құдіреті арқылы өздерінен әлдеқайда алып аңдардың бәрін жеңіп шығып, дүниенің жеке-дара билеушісіне айналды.
Құл иеленушілік, феодалдық қоғамдарда (қазір бұларды аграрлық қоғам деп те атап жүр) негізінен тамағын асырау үшін күресті. Бұл қоғамдар адамды мал ұстап, егіншілік жүргізуге үйретті.
Міне, осы ретпен келгенде капиталистік қоғамдағы адамдардың басты мақсаты зат үшін күрес болып келді десек те болады. Бұл қоғам адам қызметін әлдеқайда биіктерге көтеріп, соған сай адамның жаңа қажеттіліктерін туындатты. Адамдарға неше түрлі заттар қажет бола бастады. Сол заттарды жинаймын деп адам дүниеқұмарлыққа бой ұрды. Қазіргі күндері мұндай үдеріс, әсіресе, капиталистік қоғамға кейінірек кірген біздің қазақ секілді халықтарда белең алып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір тойға жаңа көйлек тіктіріп кию, гардеробты киімге толтырудан бастап, неше түрлі әшекей заттар сатып алу, үйдің ішін жиһазға толтыру – көптеген қазақ әйелдерінің айналысып жүрген басты шаруаларының бірі. Ерлер жағы машинадан машина ауыстырып мінуде. Жағдай келсе, пәтер мен үйді де жиі айырбасталуда.
Әрине, осының бәрін капиталистік қоғамдағы адамдардың заттарға кенелу процесін көрсету үшін қажетті мысалды алыстан іздемей-ақ өз халқымыздың жағдайынан алып жазып отырмыз. Әйтпесе, халқымызды сынайын деген ойымыз жоқ.
Тағы бір қызығы, біз әзірге бұл заттардың көбін өндіруші халық емеспіз. Негізінен тұтынушы халықпыз. Өндіруші емес, тұтынушы халық болған соң, ол заттарды өзің шығара алмай отырған соң оны үнемдеп пайдалану идеологиясы жолға қойылса керек-ті. Өйткені капитализмнің біз секілді дамушы халықтарға ұсынатын тағы бір қағидасы – орынсыз ысырапшылдықтан бас тарту болса, бұл қағиданың бізде жүзеге асып жатқаны шамалы. Қазақтың тойшылдығы мен ысырапшылдығы тіпті анекдоттарға да айналып бара жатыр еді, коронавирус қорқынышы әзірге осыған тұсау салғандай болып отыр.
Капитализм кезеңіне алғашқылар қатарында еніп, әбден дамып алған елдерде ысырапшылдыққа жол бермеу, үнемдеу мәселесінің адамдардың қанына дейін сіңіп кеткендігін байқауға болады. Оларда киім мен затты жиі айырбастау мақсат емес. Мәселен, әлемдегі ең бай елдердің бірі Германияны билеп тұрған Ангела Меркельді теледидардан көргенімізде үнемі бір киіммен жүретінін байқаймыз. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын Брюссельде Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-тәжірибесіне арналған бірнеше күндік халықаралық семинар ұйымдастырылып, бұл шара Бельгия Сенатында өткен еді. Сонда осы мәртебелі мекеменің басшысы Анн-Мари Лизин ханым да бірнеше күн бойы бір свитермен жүрді. Неге? Себебі бұл елдерде адамдардың санасы заттан жоғары тұр. Олар басқа мәселелерге (ел аралау, жер көру, дүниені тану, өзін жетілдіру, мамандық игеру, рухани ләззат алу, денсаулықты күту, т.б) көбірек көңіл бөледі екен.
Адамзат тарихындағы қоғамдардың ауысу себептерін адамдардың қандай күштермен бәсекелестікке түскеніне қарап та аңғаруға болатындай. Мәселен, қауымдық құрылыс кезінде адамдардың басты жауы жыртқыш аңдар болғаны белгілі. Мұнан кейінгі қоғамдарда адамдар өздерімен өздері бәсекелестікке түсті. Осыған орай ежелгі грек заманында «адам адамға – қасқыр» деген ұғым пайда болса, Кеңес Одағы кезінде бұл сөз «адам адамға – дос, жолдас және бауыр» деп түзетілді.
Ал енді біздің заманымызда адамның басты бәсекелесі «жасанды интеллектімен» қаруланған машиналар болатыны белгілі болуда. Мұның өзі енді заттар қоғамының артта қалып, адамдар машиналарға төтеп беру үшін өздерін үздіксіз жетілдірумен айналысатынын, білім мен медицина және спорттың алға шығатындығын білдіреді.
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
Ұқсас жаңалықтар