Ақша табу үшін неден де болса арланбайтын айлакерлердің әрекеті тыйылмай тұр. Қулығына құрық бойламайтын қаскүнемдер көше бойында қаңтарылып тұрған автокөліктердің нөмірін ұрлап, темір тұлпар иесінен ақша бопсалайтын болған.

Алматы қаласының аумағында жыл басынан бері көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлаудың 21 фактісі тіркеліпті. Әсіресе, әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, біз айтып отырған мәселеге қатысты жазбаларды көптеп кездестіресіз. Кейбір желі қолданушылары мұндай жағдайды өз басынан бірнеше мәрте өткергенін жазса, енді біреулер оқиға орнынан бейнежазба қалдырып, тәртіп сақшыларына мұңын шаққан. Маман сөзіне сүйенсек, көптеген көлік жүргізушілерін әбігерге салған келеңсіз оқиға шаһарда былайша өріс алып отырған.
– Бұл қылмыстар материалдық-пайдакүнемдік сипатқа ие. Құқық бұзушы жәбірленушінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып кетіп, автокөлік иесіне алдын ала дайындалған есепшотына ақша салуды талап етеді. Ақша түскен соң, ұрланған нөмірді жасырған жерін көрсететінін жазып, хат қалдырады. Бұл құқық бұзушылық бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалады. Жыл басынан бері мұндай ұрлықтың бірнеше фактісі тіркелген. Күдікті анықталды. Сонымен қатар біз азаматтарды қаскүнемдердің жетегіне ермеуге және дереу «102» пультіне хабар беруге шақырамыз, – дейді Алматы қаласының ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Көлік санының көптігінен көш бастап тұрған мегаполисте мұндай оқиға жыл сайын тіркеліп отырады. Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тіркелген 21 ұрлықтың 20-сы әшкереленген. Аталмыш оқиға бойынша үш адам қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Нөмірді қайта рәсімдеудің машақатынан қашқан жүргізушілер алаяқтардың арбауына көніп, айтқан ақшасын амалсыз аударған жағдайлар да жетерлік. Азаматтарды абай болуға үндеген мамандар, көлік нөмірін қосымша бекіткіштермен ұстатып, түнгі уақыттарда қалтарыс орындарда қалдырмауға шақырды.
АЛМАТЫ
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Бүгін, 19:57
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Бүгін, 19:07
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 18:23
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Бүгін, 14:05
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Спорт • Бүгін, 13:28
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 12:24
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар