Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Шығыс Қазақстанда мектеп директоры сотталды

496 рет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры АИ-92 маркалы жанар-жағармайға талондарын ұрлау арқылы бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі берген мәліметтерге сүйенсек, Ұлан аудандық соты "Асубұлақ" орта мектебі" КММ директорына қатысты үкім шығарды. Анықталғандай, мектеп директоры АИ-92 маркалы жанар-жағармайға талондарды ұрлау арқылы бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінген.

"2020 жылғы 7 қазанда Ұлан аудандық сотының үкімімен "Асубұлақ орта мектебі" КММ директоры Б.К. Катренованы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді", деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі. 

Сот шешіміне сәйкес, сотталушы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • Бүгін, 17:16

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • Бүгін, 14:35

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • Бүгін, 13:28

Ұқсас жаңалықтар