Экономика • 29 Қазан, 2020

Ортақ қаржы нарығын қалыптастыру кедергілерді жояды

19 рет көрсетілді

Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі, министр Тимур Жақсылықов "Қаржылық қауіпсіздік аумағы" қаржылық қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі V халықаралық конференцияда Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының ережелерін іске асыру бойынша жұмыс туралы айтты, деп жазады Egemen.kz  ЕЭК сайтында жарияланған деректерге сілтеме жасап.

"Алдағы жылдары Одақ елдері қаржы заңнамасын үйлестіруді, ЕАЭО елдерінің қаржылық қызметтерін жеткізушілердің бір-бірінің нарықтарына өзара кіруін қамтамасыз етуді, заманауи нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыруды, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені қолдана отырып, қаржы технологияларын дамытуды және әкімшілік ынтымақтастықты жетілдіруді қоса алғанда, айтарлықтай жұмыс атқаруы керек", деп атап өтті ЕЭК министрі.

Оның айтуынша, тұжырымдаманы іске асыру Одақ шеңберінде капитал мен қаржылық қызметтердің еркін қозғалысы жолындағы бар кедергілерді жоюға, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестициялық, банктік және сақтандыру өнімдерінің қол жетімділігі мен алуан түрлілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қаржы қызметтерін тұтынушылар үшін қауіпсіздік пен жайлылық аймағын құру бірінші кезектегі мәселе.

"Қаржы қызметтерін жеткізушілердің нарықтық тәртібін реттеу мен қадағалау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, сондай-ақ ұлттық қаржылық реттеушілердің, іскери қоғамдастық пен қаржы омбудсмендерінің өзара іс-қимылын, соның ішінде әділетсіз тәжірибелер мен қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимылдың тиімді әдістері бойынша тәжірибе алмасуды белсенді түрде дамыту қажет деп санаймын", - деп түйіндеді ол.

ЕЭК министрі цифрлық революция бірқатар елеулі қатерлерге толы екенін, оның ішінде азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі саласына да қауіп төндіріп тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты, алаяқтық схемаларын жетілдіретін кибер қылмыскерлерге қарсы тұру үшін қылмыстың осы түріне қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықты жандандыра түсу өзекті бола түседі.

Конференцияға қатысушылар қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін қауіпсіздік пен жайлылық аймағын құру, цифрлық революция жағдайындағы азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі, жосықсыз тәжірибелер мен қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ қауіпсіз инвестициялау мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Ұқсас жаңалықтар