Аймақтар • 15 Қараша, 2020

Батыс Қазақстан өңірі бес елге ет экспорттап келеді

61 рет көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев республикалық жолдардың күрделі жөнделуі сыртқы экономикалық байланысты нығайтуға, соның ішінде ет экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беретінін өзінің Facebook парақшасында жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Бүгін Қазақстан ауылшаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің төл мерекесі.

Мен осы саладағы қызмет еткен барлық ардагерлерді, агроөнеркәсіптік кешен жұмысшыларын шын жүректен құттықтаймын!

Біздің өңірде он мыңдаған жерлестеріміз жайылымдарда, егістіктерде, облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарында тынымсыз еңбек етіп жүр. Біз сіздердің жұмыстарыңызды, өз жұмысыңызға деген адалдығыңызды, туған жерге деген сүйіспеншілігіңіздің нәтижесін өз үйлерімізде, дастарқандарымызда күн сайын көріп жүрміз.

Сіздер маңдай тердің арқасында түгел облысты азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырасыздар. Бұл оңайлықпен келетін еңбек емес.

Биылғы жылы сіздің жұмысыңыз пандемия кезінде ерекше байқалды. Өйткені бүкіл әлем азық-түлік тапшылығына тап болып, бірқатар елдер қиыншылық көрді. Ал сіздер елді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін үлкен жанқиярлық еңбек жасадыңыздар, ол үшін мен сіздерге зор алғысымды білдіремін.

Биыл агроөнеркәсіптік кешен бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігінің артуын көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз, ауылда даму үрдісі жүріп жатыр деген сөз.

1

Мал шаруашылығының тұқымдық трансформациясы, өсімдік шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану, қайта өңдеу өндірісін оңтайландыру импортталған (олардың барлығы экологиялық таза өнім болмауы мүмкін) өнімдермен бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Біздің облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуеті өте зор. Мұны ет өндіру және қайта өңдеу, заманауи жылыжайлар мен қоймалар, сүт өндіру және қайта өңдеу сияқты бағыттардағы инвестициялар көлемінің ұлғаюынан байқауға болады. Өңір тұрғындарын сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету – ауыл еңбеккерлерінің ең жоғары миссиясы деуге болады.

Құрметті сала мамандары, ардақты еңбеккерлер! Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Еңбектеріңіз арта берсін!", дейді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар