Тағайындау • 25 Қараша, 2020

Атырау облысының бас санитар дәрігері тағайындалды

14 рет көрсетілді

Атырау облысының жаңа бас санитар дәрігері болып Амантай Жұмағалиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Амантай Жұмағалиев 1957 жылы Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын санитария дәрігері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы бұрынғы Гурьев облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының тағам гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі болып бастады. 1999-2000 жылдары Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің меңгерушісі;

2000-2001 жылдары Атырау обаға қарсы күрес стансасының аса қауіпті инфекциялар зертханасының дәрігер бактериологі;

2001-.2001 жылдары Атырау обаға қарсы күрес стансасының эпидемиологиялық зертханасының меңгерушісі;

2001-.2003 жылдары Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігерінің орынбасары;

2003-.2005 жылдары Атырау облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқарма бастығының орынбасары;

2005-2008 жылдары Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары;

2008-2009 жылдары Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары;

2009- 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті директорының орынбасары;

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;

2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары;

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары болды.

Айта кетейік,бұған дейін облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері 6 рет өзгерген еді. Департаменттің соңғы басшысы 26 тамызда тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар