Кәсіпқой бокс • 26 Қараша, 2020

Көптен күткен жекпе-жек

80 рет көрсетілді

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжы­рымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін 18 желтоқсанда польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) өткізетіні белгілі болды.

Бұл туралы отандасымыздың жекпе-жегін тікелей эфирде ұсынатын DAZN стримингтік арнасы ресми түрде хабарлады. Пандемияға байланысты және түрлі себептермен бірнеше рет кейінге шегерілген жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан Hard Rock Holly казино-қонақүйінде өтеді. Бұл айқаста Головкин өзінің IBF белбеуін қорғап қалуға тырысады.

Айта кетейік, Головкин кәсіпқой шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қазанында украиналық Сергей Деревянченкомен өткізіп, ұпай санымен басым түскен болатын. Дәл осы бокс кешінде өнер көрсеткен Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутпен жеңген еді.

 

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар