Сейсенбі күні футболдан Қазақстан чемпионатының 20-тур ойындары өтті. Көш басында келе жатқан командалар ұпайдан шашау шығармай, кезекті жеңістеріне қол жеткізсе, қола жүлдеге үмітті «Ордабасы» мен «Шахтер» ұпай жоғалтты.
«Астана» – «Қайсар» – 3:1
Өткен турда күтпеген жерде «Шахтерден» 3:1 есебімен жеңіліп қалған елорданың «Астана» клубы «кеншілерге» кеткен есесін Қызылорданың «Қайсарынан» қайтарды. Яғни 20-турда еліміздің алты дүркін чемпионы дәл сондай есеппен былтырғы Қазақстан кубогының иегерін жеңді. Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында өткен матчтың есебін 25-минутта хорватиялық легионер Марин Томасов ашты. Алайда арада бес минут өткенде қызылордалықтардан Максим Федин есепті теңестіріп, «Астана» футболшыларын уайымға салып қойды. Бұл – Фединнің «Қайсар» клубындағы алғашқы голы. Ол бұл голын жуырда ғана ауруханадан емделіп шыққан анасына арнады. Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын Максим Федин Ұлттар лигасының кезекті туры аясында сырт алаңда Беларусь құрамасымен өтетін ойынға отбасылық жағдайға байланысты қатыса алмай қалған еді.
Кездесудің екінші таймында «Астана» футболшылары барын салды. Өйткені бұл турда да үш ұпай олжалай алмаса, қолда тұрған қола жүлдесінен де айырылып қалуы мүмкін еді. Дегенмен жыл басында «Астана» құрамын толықтырған шабуылшы Пиерос Сотириу 61-минутта баспен гол соғып, командасын алға шығарса, 73-минутта 11 метрлік айып добын сәтті орындап, командасына маңызды ұш ұпайын сыйлады. Бұл кездесуден кейін «Астана» 30 ұпаймен үшінші орынын сақтап қалды. Ал «Қайсар» 24 ұпаймен 6-орында қалды.
«Қызылжар» – «Ордабасы» – 0:0
19-турда сенсация жасап, «Қайраттан» 3:2 есебімен басым түскен «Қызылжар» бұл жолы «Ордабасы» клубымен тең ойнады. Жалпы, екі команда арасындағы бұл кездесу турдың емес, жалпы маусымның ең қызықсыз матчы болды десек артық айтқандық емес шығар. Өйткені екі команда да бір-бірінің қақпасына мүлде дәл соққы жасамаған. Екі матчта бір ұпайға ие болған шымкенттік клуб турнир кестесінде «Астанадан» екі ұпайға артта қалып келеді. Чемпионатта «Ордабасының» бір ойыны, елордалықтардың екі кездесуі қалғанын ескерсек, «Ордабасы» қола жүлдеден үмітті үзді дей беруге болады. Ал петропавлдық команда 20 ұпаймен 9-орынға тұрақтады.
«Тараз» – «Каспий» – 0:1
Қатарынан екі турда жеңіске жеткен ақтаулықтар келесі жылы да ел чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Биыл ғана жоғары лигаға шыққан «Каспий» үшін бұл тамаша жетістік. Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өткен ойынның жалғыз әрі жеңіс голын 45-минутта Арман Нүсіп соқты. Турнир кестесінде соңғы орында тұрған «Оқжетпестен» алты ұпайға озып, 10-орынға табан тіреді. Ал «Тараз»
20 ұпаймен 8-орында қала берді.
«Оқжетпес» – «Тобыл» – 0:2
Көкшетаудың «Оқжетпес» клубын еш қиындықсыз жеңген «Тобыл» күміс жүлдеге бір табан жақындай түсті. Егер қостанайлықтар келесі турда «Тараз» клубынан басым түсетін болса, мерзімінен бұрын ел чемпионатының күміс жүлдегері атанады. «Оқжетпеспен» өткен кездесудің есебін 38-минутта Жереми Манзорро ашты. Ал екінші таймның 60-минутында Көкшетау футбол мектебінің түлегі Сұлтан Әбілғазы «Тобылдың» екінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды. Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы осымен екінші матч қатарынан мергендігімен көзге түсіп отыр.
Қатарынан төртінші ойында жеңілген көкшетаулықтар қажетті ұпайын жинай алмағандықтан келесі жылы Бірінші лигада өнер көрсететін болды. 19 ойында 11 ұпай жинаған «Оқжетпесі» кестенің 11-орынында тұр.
«Шахтер» – «Жетісу» – 1:2
19-турда «Астана» командасынан үш ұпай тартып алған соң «кеншілер» командасы қола жүлде үшін өтетін бәйгеге қосылған-ды. Алайда «Шахтер» өткен турда «Жетісудан» жеңіліп, чемпионатты үшінші орынмен аяқтайтын тамаша мүмкіндігінен айырылып қалды. Кездесудің есебін 23-минутта «Жетісу» шабуылшысы Мартин Тошев ашса, екінші таймның 74-минутында Педро Эуженио есепті еселеді. Бірақ араға төрт минут салып Айдос Тәттібаев есеп айырмасын қысқартқанымен, командасын жеңілістен құтқарып қала алмады. «Жетісу» осы жеңісінің арқасында 25 ұпаймен 6-орынға көтерілді. Ал Горовенко шәкірттері 26 ұпаймен 5-орында қала бермек.
20-турдан кейін Көкшетаудың «Оқжетпесі» Бірінші лигада өнер көрсететіні белгілі болса, биылғы Бірінші лигада топ жарған «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары келесі жылы Жоғары лигада ойнауға мүмкіндік алды. Ел чемпионатының келесі тур ойындары 27 қарашада өтеді.
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • 15 Қаңтар, 2021
Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді
Парламент • 15 Қаңтар, 2021
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Түркіменстан мен Ауғанстан жаңа көлік жобасын іске қосты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар