Қоғам • 26 Қараша, 2020

Армия спортшылары ел біріншілігінде 9 медаль олжалады

7 рет көрсетілді

Шымкентте оқ атудан Қазақстанның чемпионаты өтуде. Орталық спорт клубының қоржыны 2 алтын, 3 күміс пен 4 қола медальмен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Турнирде кіл мықталардың қатарынан көріну үшін 100 қатысушы сайысқа түсті. Жарыстың бағдарламасына жеті жаттығу кірді. Спортшылар шағын калиберлі, пневматикалық мылтықтан, сондай-ақ пистолеттің әр түрінен жалғыз және жұптасып атудан жарысты.

Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын мергендер Юрий Юрков, Елена Файнберг және Дарья Калинина қорғады.

"Бұл жарыстар биылғы жылдың соңғы жарыстары. Чемпионат барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес өткізілді. Ал армия спортына келер болсақ, олар әрқашан өздері көрсетіп жүрген жоғары, шебер және кәсіби даярлық деңгейін көрсетті. Әскери қызметші Юрий Юрков – "Токио-2021" Олимпиада ойындарына жолдама алғанын айта кетейін", - деп бөлісті аға жаттықтырушы – Орталық спорт клубының оқ және стенд атудан команда бастығы Ольга Важнина.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар