Қоғам • 26 Қараша, 2020

Елордада игі істер эстафетасы жалғасуда

7 рет көрсетілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2020 жылдың 16 желтоқсаны қарсаңында "30 игі іс" жобасы аясында үш жаңа мектеп, жабық футбол манежі, велопрокат пункті бар жол-соқпақ желісі және жасыл белдеудегі құс асырауға арналған орын беріледі деп күтілуде. БЦП және невралгиялық бұзылулары бар балаларға арналған ірі оңалту орталығының ашылуы өтеді.

Елордалық 500-ден астам волонтер халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен жалғыз басты зейнеткерлерге қар тазалауға қажетті көмек көрсетуді жалғастырады.

Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, жақсы акция аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен ақпарат немесе бейне жариялай алады.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Бүгін, 15:06

Қалалық мәслихат сессиясы

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Парламентке тапсырма берді

Парламент • Бүгін, 14:35

Қазақстанда доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 12:37

Ұқсас жаңалықтар